Қ. Әбдірахманов Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымы (ЕҚЫҰ) Бас хатшысы Ламберто Заньермен кездесу барысында ЕҚЫҰ күн тәртібі мәселелерінің кешені бойынша Қазақстан конструктивті диалогты жалғастыруға дайын екенін жеткізді.
Сұхбаттастар еуропалық қауіпсіздік, ЕҚЫҰ жорық миссияларының жұмысы, экстремизм мен радикализацияланумен күресу, Орталық Азиядағы су ресурстарын басқару туралы диалог мәселелері және ЕҚЫҰ-ның Ауғанстанмен өзара ықпалдасу перспективалары бойынша пікір алмасты. ЕҚЫҰ-ның еуразиялық өлшемін одан әрі күшейту маңызы аталып өтті.
Л. Заньер Қазақстанды Халықаралық «ЭКСПО-2017» көрмесін сәтті ұйымдастырумен құттықтады. 15-16 маусымда көрме шеңберінде 130-ден астам дипломатиялық және Ұйым мемлекеттерінің сарапшы орталарының өкілдерінің қатысуымен ЕҚЫҰ Экономикалық-экологиялық форумына екінші дайындық кездесуі өтеді.
Мажарстан ұлттық Экономика министрі Михай Варгамен кездесу барысында экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссия мен іскерлік кеңесінің әлеуетін тиімді пайдалану маңызы айтылды. Қазақ-мажар ауыл шаруашылық тікелей инвестициялар қорының елеулі әлеуеті бар.
М. Варга қазақ-мажар қатынастарының орнатылғанынан бері оларды дамытудағы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ерекше рөлін басып айтты. Мажарстан министрі жақында іске қосылған Астана-Будапешт тікелей әуе рейсі іскерлік және гуманитарлы байланыстардың одан сайын дамуына оң әсерін тигізетіндігіне сенімді.
Тараптар Қазақстан мен Мажарстанның «Бір белдеу, бір жол» жобасына қатысу перспективаларын талқылады. Мажарстандық саясаткер сонымен қатар Орталық Азия мен Вышеград тобы арасындағы диалогты орнату идеясын қарастыруды ұсынды.