Қазақстан • 13 Маусым, 2017

Астаналық балалар лагерьлерде тегін демалады

248 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2000-нан астам жетім және аз қамтылған отбасыларының балалары Ақмола облысының лагерлерінде тегін демалады, деп хабарлады елорда әкімдігінің баспасөз қызметі.

Астаналық балалар лагерьлерде тегін демалады

6 маусымнан 12 тамыз аралығында «Ақкөл» ауылында орналасқан «Арман» спорттық-сауықтыру лагерінде жаз бойы 5 кезең ұйымдастырылады.

-Үш кезеңде аз қамтылған отбасыларының және жетім балаларға, сондай-ақ өзге де әлеуметтік тұрғыда қорғалмаған топтардың балаларына ұйымдастырылады. Барлық кезеңде бұл жерде 1650 бала демалады, - деп мәлімдеді қосымша білім беру және тәрбие жұмыстары бөлімінің жетекші маманы Еркөкше Қафизов.

Балалар үйінің тәрбиеленушілері – жетімдер мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған 139 балаға «Боровичок» демалыс орнында демалып, тынығуға жағдай жасалды.

Алғабас ауылының маңындағы «Батыр»палаталық лагерінде 12 маусым мен 20 шілде аралығында үш ауысым бойынша 375 жетімбала аз қамтылған отбасылардың балалары демалады.

- Қызықты әрі жан-жақты бағдарламақарастырылған лагерь балаларға ұмытылмас демалыс сыйлайды. Туристік, өлкетану,экскурсиялық, дене шынықтыру, сауықтыру шараларымен қатар, табиғатты қорғаужәне экологиялық жұмыстар, демалыс, ойын көтеру сынды түрлі іс-әрекеттердіңбарлығы балалар үшін ұйымдастырылады, - деді Е. Кафизов.