Қазақстан • 14 Маусым, 2017

Егер жаһандық жылыну болмағанда, оны ойлап табуға тура келер еді...

328 рет
көрсетілді
13 мин
оқу үшін

ЭКСПО-2017 халық­ара­лық көрмесінің аясында «Болашақтың энергиясы: инновациялық сценарийлер және оларды жүзеге асыру әдістері» тақырыбында WSEC-2017 инженерлер мен ғалымдардың дүниежүзілік конгресі өтпек. Бұл айтулы шараны Ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясы мен Ұлттық инженерлік академия бірлесіп қолға алып отыр.

Егер жаһандық жылыну болмағанда, оны ойлап табуға тура келер еді...

Бұл бірегей форум алғаш рет ЭКСПО халықаралық көр­месі аясында  ғалымдарды ғана емес, сондай-ақ, инженерлерді, Но­бель сыйлығының және «Жа­һандық энергия» халық­аралық сый­лы­ғы­ның лауреаттарын, ең бедел­ді халықаралық ұйымдар мен ірі энергетикалық ком­пания­лардың басшыларын біріктіреді. Көрмеде ғылым мен озық тәжірибелі инже­не­рия­ның асқан ойшылдарының син­тезі, адамзаттың жүзеге ас­қан үздік жетістіктері синер­гетикалық әсер береді.
Жаңа энергетика тақырыбы – бүгінгі күні бүкіл әлем үшін өзекті мәселе. Ол  Қазақстанда да үлкен қызығушылық танытты. Сондықтан, мемлекет үшін өтіп жатқан процестер мен мәселелердің тұтас сипат алуы, осының негізінде, ел­дің ішінде де, сондай-ақ, жа­һандану және аймақтық ин­те­грация үдерістерінің шең­берінде берілген саладағы сая­сатты қалыптастыру және жаңар­ту өте маңызды.

Қағидатты түрде жаңа дәуір


XX және XXI ғасыр ара­лы­ғы адамзат үшін іс жүзінде сар­қыл­майтын энергия көз­дерін пай­далануда орасан олқы­лықтармен есте қал­ды. Адамзат дамуындағы дәуір­лік дүмпулердің бірі отты иге­ру болғаны баршаға мәлім. Ар­хеологтар мен тарихшылардың куәландыруы бойынша 500 мыңнан 1,5 миллион жыл бұ­рын орын алды.  Және сол кез­ден бастап көміртек отынын жа­ғу (ағаштан тас көмір, мұ­най, газға дейін) жер бетінде энер­­гияны алудың тәсілі болды.
Адамзат өзінің ұзақ тари­хында басқа да көздерді, бүгінде жаңғырмалы деп аталатын – желдің күшін және судың ағысын қолдануға ты­рыс­ты. Барлығымызға да жел диір­мендері белгілі. Бірақ бұл әдіс­тер энергияны жалпы тұ­тынуда өз үлесін қоса алмады. 
ХХ ғасырдың ғылымы жаң­ғырмалы энергия көздерін (ЖЭК) – желді, су энергиясын, көтерілу және саябырлау энер­гиясын, толқындарды, күн сәулесін, геотермалды жә­­не биоэнергияны пай­да­лану­да әр алуандықты ашты. Пай­­далану технологиялары әзір­ленсе де, бағасы жо­ға­ры бол­­ғандықтан, олар дәс­түрлі кө­міртегі энергетикасы­мен бәсекелесе алмады. Нәти­же­сінде ЖЭК нашар қолданылды.
Олардың дамуына қуатты ын­таландыру қажет болды. Осы мәселе бойынша Но­бель сыйлығының лауреаты сэр Джордж Портер: «Егер күн қуаты жаппай қырып-жоя­тын қару ретінде пайдаланыл­са, фотоэнергетикалық қон­дырғылар жүз жыл бұрын жұмыс істей бастар еді», дейді. Бірақ бұл болған жоқ және өзен­дердің су энергиясынан бас­қа жаңғырмалы энергия адам­зат назарынан тыс қала бер­ді.
Энергия көздерінің ма­ңыз­ды ғана емес, сондай-ақ, ба­сым бөлігі болып табылатын көмірсутек шикізатын көп­теп өндіру басталды. Бірақ осындай шикізаттың әлем­дік қоры анықтаулар бойын­ша шектеулі болып табылады. Және көмірсутек табиғи қор­ларының болашақта бірнеше он­даған жылда сарқылуын болжаған белгілі бір шамаға негіз­делген болжамдар пайда бо­ла бастады. Мысалы, таби­ғи газ қорлары шамамен 60 жылға, мұнай да осы жыл­дарға жетеді деп саналды. Осы энергетикалық балама­лар­ды, соның ішінде  жаңғыр­малы энергияны пайдалану тех­нологияларын іздеуге итер­мелейтін өте қауіпті белгі­лер болды. Бірақ бұл мәселе жаңа мұнай және газ кен орын­дарының ашылуымен ауық-ауық «өңделіп тұрды», ал одан кейін жаңа дәстүрлі емес көз­дерімен – тақтатас мұнай және тақтатас газбен ұзақ уақыт­қа күн тәртібінен алынып тас­талды. Бүгінгі бағалау бойынша, мысалы, әлемде дәс­түрлі емес газдың қағидалы түр­де алынатын қорлары (тақта­тас газы, сондай-ақ, көмір қа­баттарындағы метан) 250 жыл бойы қазіргі заманғы деңгейде тұтынуды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. ЖЭК үшін тағы да өте қолайсыз жағ­дай болды, ЖЭК-тің жеткі­ліксіз жасалған технологияла­ры мұндай жағдайларда энер­ге­ти­калық нарықта бәсекелесе ал­майды. Ал оларды қағидалы түр­де жетілдіру үлкен қорлар­ды талап етеді.
Осы орайда «жаһандық жы­лыну» идеологиясының өзі­нен өзі пайда болуы күшті түрткі болды. Жер бетіндегі кли­маттың едәуір, оның ішінде циклдік өзгерістерге ұшы­рағаны ғылым дәйекті түрде дәлелдеді. Себептер көп. Бұл Күн сәулесінің, Жер орби­та­сының вариациясы, жер беде­рінің планеталық өзгерісі, ма­териктер, мұхиттар және теңіз ағымдарының конфигурациясы, геологиялық процес­тер, жанартау атқылаулары жә­не т.б. Сондықтан, Жер шарын­дағы жалпы жылыну не­месе сууға байланысты мүмкін­діктерде таңданатын ештеңе жоқ, мұндай кезеңдер тарихта болған жағдай.
Дегенмен, алғаш рет адам әрекетінен туындаған ан­тро­погендік факторларға ай­рықша назар аударылды. Адамзат планетарлық процес­терге нақты әсер ететін қуат­ты күшке ие болды деген түсі­нік пайда болды. Соның ішінде парниктік газдарды ға­ламдық ауқымда өндіру жаһан­дық жылынудың мүмкін себеп­терінің бірі болуы ықтимал. Нәтижесінде мұндай әсердің теріс әсерін төмендету мәсе­лесі адамзат үшін өмірлік ма­ңызды, өте өзекті болды. Осындай жағдайларда ЖЭК-ті пайдалану мәселесі көмірсутек шикізатының сарқылу мәселесі күтпеген жерден жаһандық мәнге ие болды. Осыған байланысты америкалық физик, Нобель сыйлығының лауреаты және АҚШ энергетика экс-ми­нис­трі Стивен Чу айтқан бел­гілі қанатты сөзін еске салғым ке­леді. «Адамзаттың тас ға­сы­ры тастардың біткенінен  аяқ­тал­ған жоқ», деген болатын ол. 
Мұндай жағдайды тү­бе­гейлі өзгерту жаңғырмалы энер­гияның технологияларын дамытуға және  оған жаһандық маңызды қорлар бөлуге әкелді. Нәтижесінде тарихи қысқа мерзімде – екі онжылдықта – бұл технологиялардың жетіл­ді­рілгені соншалық, жаппай пай­далану үшін жеткілікті қол­жетімді болуы тарихта алғаш рет орын алды және бәсекеге қабілеттілігін күрт арттырды.
«Егер құдай болмағанда, оны ойлап табу керек болар еді», деген болатын XVIII ғасырдағы әйгілі француз философы Вольтер, ЖЭК қолдануға қатысты оның мағынасын былай деп ауыстыруға болады: «Егер жаһандық жылыну болмағанда, оны ойлап табу керек болар еді». Енді алғаш рет іс жүзінде бү­кіл адамзат үшін таңдау мүм­кіндігі туындады. Дәстүрлі кө­мір­тегі энергетикасын дамыту­ды жалғастыру керек пе әлде елдің және өңірдің ерек­ше­ліктерін ескере отырып,  ЖЭК-ке бағдарлану қажет пе?
Жаһандық маңыз­ды­лы­­ғы­мен алғанда жаһандық жы­лыну гипотезасының қазір бір мәнді еместігі және кли­мат­тың жаһандық өзгеруінде елеу­лі трансформацияға ұшы­ра­­ғандығы қағидатты түрде ма­ңызды емес. Ал 2015 жылдың соңында Парижде кли­маттың өзгеруі туралы кон­фе­ренцияда көпшілік елдер тең­дессіз қолдау көрсеткен оның маңыздылығына жекелеген мемлекеттерде күмән тудырды (мысалы, АҚШ-та).  Бірақ бастапқы қадам жа­сал­ды, жаңғырмалы энерге­тиканың технологиялары қа­ғи­датты түрде жаңа деңгейге шық­ты, оларды экономика тұр­ғысынан тиімді, саяси, эко­логиялық және энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде кері бұру мүмкін емес болады.

Технологиялық-экономикалық олқылықтың негізгі көрсеткіштері


ЖЭК технологиялары бұ­рын-соңды болмаған қар­қын­мен дамуда, айтарлықтай арзандатылды, қолжетімді болды және өзінің пайдалану ай­мағын кеңейтуде. Мұндай да­мудың мысалы ретінде бір­қатар деректер келтіруге болады.
Жаңғырмалы энергияның даму мақсаттарын алға қойған елдердің саны 2015 жылы 170-ден  асты (2008 жылы осындай елдердің саны екі есе аз болатын – 79). Ал климат бойынша Париж келісіміне 1995 жылдың 12 желтоқсаннан 2017 жылдың сәуір айы бойынша 195 ел қол қойды, оның ішінде 144 ратификациялады.
Жаңғырмалы энергияға жыл сайынғы инвестициялар 7 жыл ішінде (2008-2015 жылдар аралығы) 2,5 есе, 130-дан 329 млрд АҚШ долларына дейін өсті.
2015 жылы электр энергия­сын әлемдік өндіруде жаң­ғырмалы энергия көздерінің үлесі 23,7 пайызға жетті.
IRENA жаңғырмалы энергия және басқа да көздері бо­йынша халықаралық агенттіктің есептеріне сәйкес, «таза» энер­гияны өндіруге кеткен шы­ғын­дар ұдайы төмендеу үстін­де.
 Соңғы жеті жылда жел турбиналарының бағасы 30-40 пайыз төмендеді, ал күн модульдеріне шамамен 5 есе төмендеді. Электр энергияның орташа құны жердегі жел және күн электр стансаларында едәуір арзандады. Мысалы, күн энергиясының орта аукциондық бағасы соңғы 10 жыл ішінде төрт есе төмендеді. Баға төмендеуінің сапалы ұқсас процесі жел энергиясына қатысты да жүріп жатыр.
Осы деректердің нәти­же­сін­де энергияның орташа құны 2025 жылға дейін 1 киловатт-сағат 4-5 центке төмендейді, ал ядролық реакторларда жә­не жылу электр стансала­рында өндірілген электр энергиясы айтарлықтай арзан. Нәти­жесінде ЖЭК-ті неғұрлым кеңі­нен пайдаланудың пайдасы мен тартымдылығы артады. Бұл факт соңғы жылдары электр энергиясының жаңа іске қосылған қуаттарында ЖЭК үлесінің күрт өсуін сурет­тейді. Бұл үлес 2012 жылы психо­логиялық тұрғыдан маңызды 50 пайыздық межеден өтті. Жаңадан енгізілетін энергетикада ЖЭК басым болды және олардың жалпы әлемдік ауқымдағы болашағы зор. 2001 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін жаңа қуаттардағы ЖЭК-тің үлесі 4,5 есе өсті және қазір ол 60 пайыздан асады.
Оның үстіне жаңа көздер ескілерден айтарлықтай озуда. Осылайша, жаңғырмалы электр энергиясының жиынтық белгіленген қуаттары жалпы алғанда, 7 жылда, 2008-2015 жылдар аралығында 1,6 есе артты. Сонымен қатар, ЖЭК-тің ескі түрі – су энергиясы тек 20 пайызға өсті, ал жаңа түр­лері әлдеқайда жоғары­лады: жел энергетикасы 3,6 есе, фото­электр 14 есе өсті.
Барлық жел генератор­ларының белгіленген қуаттары 2016 жылдың басында-ақ әлемдік атом энергетикасының белгіленген қуатынан асып кеткені атап өтерлік. Сондай-ақ, көтерілу, толқындар энергияларын, геотермалдық энергияны, биоотын энергиясын пайдалану мен ЖЭК-тің басқа да түрлері өсіп келеді.

Әлемдік трендтер және мәселеге орай туындайтын сұрақтар


Одан әрі дамудың шешу­ші факторы ол энергия өн­дірісінің, сондай-ақ, тиісті ин­фрақұрылым технологиясын жетілдіру (ортақ электр желі­лерін жұптастыру, шоғыр­лан­дыру, бөлу және т. б.) болмақ. Тұрақты тренд ЖЭК-ті одан әрі дамыту болып табылады. Бәріміз көріп отырғандай, ол тұрақты сипатқа ие.
2030 жылға дейін жаңғыр­малы энергия көздері электр энергиясын өндірудің жалпы балансында көшбасшы бо­лады деп болжауда. Халық­аралық энергетикалық агент­тіктің болжамы бойынша, (IEA, ЭЫДҰ органы) электр энер­гиясының үштен бір бө­лігі 2030 жылға қарай ЖЭК көмегімен өндіріледі.
Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай отырып, бұл болашақтың энергетикасына үлкен серпін болғанын, бірақ біз әлі  бұл жолдың соңына жетпегенімізді атап өту қажет. Бір міндеттер ше­ші­леді, әлі де шешілмеген мәсе­лелер көп. Оның үстіне жыл­жу мүмкіндігі бойынша бар­лық жаңа күштерді талап ететін мүлдем жаңа міндет­тер де туындайды. Олар зерттеу­ді және инженерлік іздеуді қа­жет етеді.  Осы орайда ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі және оның аясында өткізі­летін инженерлер мен ғалым­дардың дүниежүзілік кон­гресі ілгері жылжуға маңыз­ды үлес қосатынына күмә­німіз жоқ.

Бақытжан ЖҰМАҒҰЛОВ,
WSEC-2017 ұйымдастыру комитетінің төрағасы, Ұлттық инженерлік академия президенті, академик