14 Маусым, 2017

Бурабай 30 туристік бағдар ұсынады

257 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазақстанның ЭКСПО-2017 халық­ара­лық маман­дан­дырылған көрмесіне Ақмола облысы елордалық өңір ретінде оған белсенді қатысуда.

Бурабай  30 туристік бағдар ұсынады

Әсіресе, Щучье-Бурабай курорт­­ты аймағы қонақтарды қабыл­­дайтын маңызды нысандар­­дың бірі болып табылады. Осы­ған орай облыстың туристік опе­ра­торлары тарапынан көрсе­туге лайық деген 30 туристік бағдар­ларды ұсы­на­тын 7 туристік пакет ұсынылуда. Тіпті, бұл үшін үш тілді еркін меңгерген азаматтар арасын­да таңдау да жүргізілді. Сондай-ақ, бұдан ба­сқа Щучье-Бурабай курортты аймағындағы туристер­ді қабылдап, қызмет көрсете алатын 100 нысан­ның 12-сі «Recommended by EXPO-2017» бағдар­ламасына сәйкестігі туралы сертификатын алуға ұсынылды. 
Сонымен қатар, аталған бағ­дар­ламаға «Әлем» және «Әлем+» қонақ-үйлері де енгізіл­гендігін атай кеткен ләзім. Бұдан бас­қа, жергілікті тұр­ғындарға ЭКСПО-2017 халықаралық көрме­сінің маңызы мен мақсатын жан-жақ­ты көрсету үшін 32 баспасөз құрал­дары, 4 телеарна мен 1 ақпараттық агенттік тартылғандығын да атап өткен орынды. 
Үстіміздегі жылдың 27 сәуі­рінде Көкшетау қаласында ЭКСПО-2017 халықаралық маман­­дан­дырылған көрмесіне ерікті­­лерді даярлаудың үшінші кезеңі аяқталды. Соған орай 100-ге тар­та ақмолалық ерікті таң­дап алынса, олар шілденің 3-і мен 31 ара­лығында өз міндеттеріне кірі­сетін болады. Бұдан басқа, өңір ауылшаруашылық өнімдерімен де қамтамасыз ететіндігі белгілі болып отыр. Атап көрсеткенде, үстіміздегі жылдың 10 маусымы мен 10 қыркүйегі аралығында өтетін халықаралық маңызды шараға жеткізілетін ет және ет өнімдері 4,6 мың тоннаны; сүт және сүт өнімдері – 8,1 мың тонна; жұмыртқа – 63,0 млн дана; жемістер – 0,4 мың тонна және картоп 2,2 мың тонна көлемінде болады деп күтілуде. 

Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ,
«Егемен Қазақстан» 
Ақмола облысы