Медицина • 14 Маусым, 2017

«Жас сарбаз» әскери-патриоттық жиыны өтті

655 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Алматыда «Жас сарбаз» әскери-патриоттық жиынының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Алғаш рет Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі басшылығының бастамасымен шалғай гарнизондарда тұратын әскери қызметшілердің балалары үшін Спорт комитеті – Қорғаныс министрлігі Армияшылардың орталық спорт клубының оқу-жаттықтыру орталығында орналасқан лагерь өз жұмысын бастады.

«Жас сарбаз» әскери-патриоттық жиыны өтті

Салтанатты рәсімді Қорғаныс комитеті Бас штабы бастығының орын­ба­сары – Тәрбие және идео­ло­г­ия­­­­лық жұмыстар депар­тамен­­тінің бастығы генерал-ма­йор Мұха­меджан Таласов ашты. «Жаңа қазақ­стан­дық пат­риотизмге тәрб­иелеу тура­лы Мемлекет бас­шысының тапсыр­масын орындау үшін, сон­дай-ақ, Қазақстан Респуб­ликасы Қор­ғаныс министрінің тапсыр­масы бойынша біз атал­ған әскери-спорттық жиын­ды алғаш рет ұйымдастырдық. Іс-ша­раның басты мақсаты жас­тарға патриоттық тәрбие беру болып табылады. Жиынға қатыс­тыруға біз спорт пен оқу­да нә­тижелер көрсетіп жүр­ген бала­лар­ды ғана емес, сонымен бірге, жауынгерлік даяр­лық пәндері бойынша кере­мет көрсет­кіштер паш етіп жүр­ген ата-аналарды да ірік­тедік», − деп Қорғаныс комтитеті Бас штабы басты­ғы­ның орынбасары – Тәрбие және идеологиялық жұмыстар депа­р­та­ментінің бастығы генерал-майор Мұха­меджан Таласов атап өтті.
Экологиялық таза және шаһар­дың көрікті жерінде орна­лас­қан «Жас сарбаз» лагері ағым­дағы жылғы маусымның 10-ы мен тамыздың 10-ы ара­лы­­ғында балаларды қуана-қуа­на қарсы алады. Оларды мәде­ни-тынығу және спорт­тық іс-ша­ра­лардың кең ауқымы, оның ішінде, Алматының көрік­­ті жер­­леріне саяхат жасау, кон­церт­­тік бағдарламалар, әртүрлі ойын-сауық байқау­ларын өткізу, АОСК-ның танымал олимпиа­далық спортшыларымен жүздесу күтіп тұр. Сондай-ақ, Панфилов кен­тіндегі АОСК-ның оқу-жат­тықтыру ор­талығына бір күндік шығу жос­­парланған. Онда ҚР ҚМ Ар­мия орталық спорт клубының білікт­і нұсқау­шылары кедергілер жола­ғынан өту, әртүрлі спорттық снарядтардағы жаттығуларды орындау бойынша сабақтар өткі­зеді. Сонымен қатар, арқан­ды сая­бақта, скалодром мен пейнт­болдағы сабақтар бойынша шеберлік-сыныбын өткізеді.