Аграршылармен жалпы сомасы 9,2 млрд теңгеге 744 қаржы лизингі шарты ендігі жасалып та қойған. Жасалған шарттардың шеңберінде фермерлер 463 трактор, 126 тұқым сепкіш, 13 егіс кешенін және 142 бірлік өзге де техникаларды сатып алды.
Өтінімдердің көпшілік бөлігі – 172 өтінім Астана қаласындағы Орталық офисқа келіп түскен, Солтүстік Қазақстан облысындағы филиалға – 168, Шығыс Қазақстан облысындағы филиалға – 157 және Алматы облысындағы филиалға -142 өтінім түскен.
Сонымен бірге, отандық аграршылар егін жинау науқанына дайындық жөнінде де ұмытпаған. «ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамына жалпы сомасы 13,8 млрд. теңгеге комбайндар, шөп машиналарын, дестелегіштер мен басқа да техникалар сатып алуға 637 өтінім түсті.