«Қазақстан» РТРК» АҚ («Kazsport» пен «Қазақстан») бірден футболдан екі әлем чемпионатын (2018 және 2022 жылдар) трансляциялауға құқық ала отырып, 6 жылға келісім жасады.
Айта кету керек, бұл мәселеде ТВ құқығын алып сатушы делдалдарды айналып өтіп, келісімді құқыққа ие болушының өзімен жасауға қол жетіп отыр. Осының арқасында қомақты қаржы үнемделуде.
"Осы екі чемпионаттан басқа Қазақстанда әлемдік клубтық біріншіліктерді, футзал мен жағажай футболы бойынша әлем чемпионаттарын, әйелдер, түрлі жастағы жастар мен жасөспірімдер құрамалары арасындағы әлем біріншіліктерін, сондай-ақ ертең, 17-ші маусымда басталатын Конфедерация-2017 Кубогын көрсету құқығы сатып алынды. Бұл бәсекелерді «Kazsport» пен «Қазақстан» телеарналарынан тікелей эфирде тамашалаңыздар", - деп жазды министр Фейсбуктегі парақшасында.