Қазақстан • 19 Маусым, 2017

Пластик пакеттің құдіреті

223 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Ұлттық музей Тұңғыш Президент – Елбасы қорымен бірлесіп қазақстандық танымал суретші Сәуле Сүлейменованың «Somewhere in the great steppe. Көкжиек» атты көрмесінің ашылу салтанатын ұйымдастырды.

Пластик пакеттің құдіреті

Көрмеге суретшінің целлофан кескіндемесі техни­ка­сын­дағы 30-ға жуық ерекше туын­дысы мен «Көкжиек» және «Ке­лін» атты 2 инсталляциясы қойылды.
 Көрменің ашылу салтанатында сөз алған Ұлттық музей директорының орынбасары Жәкен Таймағамбетов бұл көрменің негізгі идеясы айна­ланы қорғауға, күтуге, аялауға бағытталғанын айтты. Бұл өнер көрмесі бізге тек эстети­калық ләззат сыйлап қана қой­май, ойла­нуға мәжбүр етеді. Айна­ла­­мызға қарауға, оны күтуге, ая­лауға шақырады. Менің ойымша, Сәуле Сүлейменованың бұл көр­­месі біздің елімізді қойып, тіпті, бүкіл әлемдегі тың бастама», – деп өз пікірін білдірді. 
Осыған дейін Сәуле Сү­лей-
­менова қарапайым қала көріністерін салумен және на­тюр­мортпен шұғылданып келген болса, 2014 жылдан бас­тап плас­тикалық пакеттер арқы­лы эсте­тикалық көркемдік шыңы­на ұмтылуда. 
 Пластиктің мұнай өнім­дерінің пайдаланылған қалдығы екені белгілі. Көркемөнер тәжіри­бесі үшін әдеттен тыс саналатын жай ғана пластикалық пакетті суретші жолақ не тілім етіп кесіп алып, бір-біріне желімдеген. Оған ешқандай бейнелеу өнеріне қажет материал қоспаған, яғни  мұнда майлы бояу да, акриль не акварель де жоқ. Көрме авторы целлофан кескіндемесінің технологиясы ойлағаннан қиын, бейнетті жұмыс екенін айтады. Пластик пластикке жабыспайды, сондықтан оны тек «дәнекерлеу» керек. Бұл жұмыс термо писто­лет­тің және силиконның көме­гі­мен іске аспақ.
Көрмеге арнайы келген қонақ «AhmadyArts» тәуелсіз кура­тор­лы­ғының директоры Лиза Ахмади: 
«Сәуле Сүлейменованың бүгінгі көрмесі мені өте қатты таң­­ғалдырды. Біздің күн­делікті көріп, пайдаланып жүрген дүниемізден осынша әдемі туындыларды тудырғаны бас имеуге мүмкіншілік қалдырмайды. Бұл сіздердің жас та жаңа Ас­та­на­ларыңыздағы жаңа өнердің ал­ғашқы баспал­дақтары деп біле­мін», – деді. 
Суретшінің көрмесіне жиыл­ған көпшілік пластик целлофандар арқылы жасалған әдемі дүниелерді өнердің жаңа бір көркем тілі ретінде бағалады.

Айгүл СЕЙІЛОВА,
«Егемен Қазақстан»