Аймақтар • 19 Маусым, 2017

Үздік дәрігерлер көлік мінді

323 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Медицина қызметкерлері күніне орай Талды­қорғанда «Кәсібіңе басымды ием» атты салтанатты жиын өтті.

Үздік дәрігерлер көлік мінді

Жетісу өңірінде денсаулық саласы қызметкерлерінің жалпы саны – 19 мыңнан асады. 600 медициналық мекеме жұмыс істеп тұр. Облыс әкімі Амандық Баталовтың  айтуынша, соңғы бес жылда денсаулық сақтау саласына бөлінген қаржы көлемі 59 пайызға өсті. 
Өңір басшысы сала мамандарының алаңсыз жұмыс істеуіне жағдай жасау негізгі міндеттердің бірі екенін айтты. 
Соңғы жылдары тек мемлекеттік бюджет емес, мем­лекеттік-жекеменшік әріптестік арқылы медицина саласын дамытуды қолға алып жатырмыз. Басқа салаларда жеке кәсіпкерлер мен инвесторлардың үлесі аз емес, бірақ, медицина саласына инвестор тарту жағы қарастырылмаған болатын. Алдағы уақытта осы бағыт бойынша 7 жобаны іске асыруды жоспарлап отырмыз, деді А.Баталов. 
Жиын үздік мамандарды марапаттау рәсімімен жалғасты. «Үздік дәрігерлік амбулатория», «Үздік ауылдық аурухана», «Үздік аудандық орталық аурухана» сияқты 6 номинация бойынша жеңімпаздарға қаржылай сыйлықтар табыс етілді. Ал, «Алматы облысының үздік дәрігері» атанған Айдын Елікбаев пен «Үздік ауыл дәрігері» атағын иеленген Әскербек Оралбаев үйлеріне көлік мініп қайтты. «Лада Гранта» автокөлігінің кілті салтанатты түрде табыс етілді. 

Алмас НҮСІП,
«Егемен Қазақстан»

Алматы облысы

Суретті түсірген
Жұмабай МҰСАБЕКОВ