Бұл атақ осыған дейін ұйымның уақытша чемпионы болып келген кубалық Юниер Дортикосқа (21-0, 20 КО) берілді.
Айта кетейік, қос боксшы сәуір айында жекпе-жек өткізуі қажет болған. Алайда, қазақстандық боксшының жарақат алып қалуына байланысты бұл жоспар кейінге шегерілген еді.
TalkSport.com басылымының тілшісі Майкл Бенсон туиттердегі парақшасында «Бейбіт Шүменов WBA президенті Хильберто Мендоске өзінің спорттық мансабын аяқтауды жоспарлап отырғандығын айтты», деп жазды.