-«ТОМ: Kazakhstan» – мүмкіндігі шектеулі жандардың өмірін жақсартуға арналған. 2014 жылдан бері АҚШ, Аргентина, Ұлыбритания, Израиль, Бразилия, Канада, Австралия мен Вьетнамда ұйымдастырлып келді, - дейді Тель-Авив университеті кәсіпкерлік орталығының директоры Елена Донец.
Енді міне, бір ай өткен соң, бұл жоба облыс орталығындағы С.Торайғыров атындағы мемлекеттік университетте қайта жалғасты.
Жалпы бұл жобаның ұйымдастырушылары – еліміздегі Тель-Авив университеті Достарының қауымдастығы және С. Торайғыров атындағы мемлекеттік университет. Жоба ТАУ Достары қауымдастығының Президенті Александр Машкевичтың қолдаумен жүзеге асырылуда.
-Барлық идеялар мен бастамалардың іс жүзінде қолданылатынына сенімдімін, ал ұсынылған жобалар тағдыры күрделі адамдардың толыққанды өмір сүруіне өз үлесін қосады деп ойлаймын, - дейді ректордың міндетін атқарушы Нұрлан Ержанов.
Кешелі-бүгін университетте Мейкатон немесе басқаша айтқанда «Мүмкіндігі шектеулі жандардың тұрмыстық жағдайын жақсартуға арналған» өнертапқыштар марафоны өтті. Ертең 18 маусымда қорытындысы болады. Еліміздің жоғарғы оқу орындарынан келген 8 командаға біріккен студенттер жаңалық жасаушы инженерлер, өнертапқыштардан тұратын қазақстандық мейкерлер тобын жасақтауда. Осы мейкатон барысында жеңіл жүре алатын арбалар жасау жобасын жүзеге асыруды, автоматтандырылған тамақтандырушы, мамандырылған пернетақта сияқты басқа да құралдар ойлап таппақшы. Бұл құрылғылар мүмкіндігі шектеулі жандардың өмір сапасын жақсартып, сенімділікке жетелейді. Бұл құрылғы-жабдықтардың прототипі болуы мүмкін. Ұйымдастырушылардың айтуынша, Мейкатонның басты айырмашылығы қажетті жабдықтарды жасаған кезде оларға шын мәнінде мүмкіндігі шектеулі жандар қолғабыс етіп, өздері үшін жасалатын бұйымдардың кем-кетігін түзеп, тіпті кейде жетілдіретін тұстарын айтып көмек береді. Шара өткен соң аталған прототиптер шын мәнінде өте пайдалы әрі қолжетімді құралға айналуы да мүмкін. Ал, мейкерлер командасы – сәтті стартапы бар әлеуметтік кәсіпкерлерге айналмақ.
Осы Tikkun Olam Makers жобасы аясында өтіп жатқан өнертапқыштар марафонында Махамбет Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің студенттері мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған тамақтану құрылғысын таныстырды. Тамақтану құрылғысы жүйке жүйесі зақымданған жандарға арналған. Олардың қолдары дұрыс ұстай алмайды, денелері толық жетілмеген. Сол себептен қолдың көмегінсіз автоматты түрде жұмыс істейтін арнайы құрылғы ойлап тауыпты. Ал, өнертапқыштар марафонына қатысқан жергілікті студенттер болса мүгедек жандар үшін жасаған еден жуатын құрылғыларын таныстырды. Құрылғыға тиат құбырларын шарнирмен біріктіреміз де, оның табандарына еденде таймас үшін резина кигізеді. Оған еден жуатын жұмсақ қосымшасын орнатады. Өзіндігімен жүріп-тұра алмайтын адамдар соған сүйеніп тұрып-ақ, еден жуа алады. Астана, Тараз, Өскемен және Семейден келген студенттер бірінші топтағы мүгедек Галина Сычеваға арнап жасанды аяқ құрастыруға кірісті. Астанадағы Назарбаев университетінің робот техникасы мамандығы бойынша білім алатын студент Айкөркем Жұмажанның айтуынша, Галина Сычева протезді қайтадан жеңіл материалдан жасап беруін өтініпті. Студенттермен бірлесіп, титан материалынан жасанды жұмсақ протез құрылғысын жасады. Енді жобаларын сәтті қорғап шығамыз деп үмітті.
«TOM: Kazakhstan» жобасын Павлодар облысында іске асыру» туралы еліміздегі Тель-Авив университеті «Достар» қауымдастығының вице-президенті Сәния Арапованың айтуынша, жоба мүмкіндігі шектеулі жандардың күнделікті түйткілдері мәселелерін шешуге бағытталған. Мұнда шеберлер (мейкерлер) мен мүгедек жандар жұмыс істейді. Мысалы, мүгедектердің облыстық ерікті қоғамдық бірлестігінің басшысы Георгия Четвериков бастамасымын мүгедек жандар шағын автобустарға орнатылған мүгедектерге арналған арбадан түсіп-шығудың өзіндік жүйесін жасап шыққан. Мейкерлер командасы «гаджет» әзірленетін яғни бірлесе жұмыс істейтін мүмкіндігі шектеулі жанмен танысты. Осылайша оларға бір командаға бірігіп, түйткілдің шешімін бірлесе іздестірді. Қондырғының алғашқы сызбаларын жасады. Сөйтіп, мейкерлер командасы нид-ноуермен (need-knower) бірлесіп, алғашқы прототипті жобалайды.
Мейкатон кезінде әр командаға бектілген тізімге сәйкес прототип әзірлеуге қажетті жабдықтар беріледі. Мүмкіндігі шектеулі жандарға прототиптерді әзірлеуге қажетті құралдарды бүкіл әлем бойынша зерттеу жұмыстары мен стартаптарды қолдап келе жатқан Bosch Global. BOSCHкомпаниясы ұсынып отыр. Неміс компаниялар тобы – өндіріс пен автомобиль технологиялары, қаптау технология мен құрылыс тауарларын өндіретін жетекші комания. Әлемнің 60 елінде оның 440 еншілес кәсіпорны табысты жұмыс істейді. Мейкатондар 2014 жылдан бері ұйымдастырылып келеді. Осы уақыт ішінде аталған шараларға 1472 мейкер қатысып, 152 құрылғы жасалыпты.
-Мүмкіндігі шектеулі жандардың өзгелер секелді өмір сүруі, жұмыс істеуі қаншалықты қиын екенін елестетіп көріңіздер. Ендеше біздің міндет олардың өмірін барынша жайлы ету,– дейді А. Машкевич мырза өзінің алыстан жолдаған видео көрсетілімінде.
Мейкатонның мақсаты-қолжетімді бағадағы және прототип ретінде болашақта жаппай өндіру үшін пайдаланылатын пайдалы құрал жасау. Мейкатонның ерекшелігі-прототиптерді әзірлеу кезінде өнертапқыштарғамүмкіндігі шектеулі адамдар, реабилитология мамандары, психологтар, өнертабыстарды саудаға шығара алатын мамандар, әлеуметтік кәсіпкерлер көмектеседі. Дайын өнімдер мүмкіндігі шектеулі адамдарға сыйлық ретінде беріледі. TOM: Tikkun Olam Makers – мүмкіндігі шектеулі адамдардың өмір сапасын жақсартуды мақсат ететін мүмкіндігі шектеулі жандар (need-knowers - нид-ноуерлер) мен өнертапқыштарды (makers - мейкерлер) байланыстыратын ғаламдық қозғалыс. Жобаның мәні – ерекше адамдардың өмірін жақсарту.
Өзінің видео түріндегі құттықтау сөзінде Александр Машкевич Жобаның барлық қатысушыларына деген үлкен алғысын жеткізді. «ТОМ-ның Павлодарда өтіп жатқанына қуаныштымын, бүкіл Қазақстаннан келген, мүмкіндігі шектеулі жандардың өмірін барынша жайлы жасау үшін көмектесемін, жасаймын, шешім, механизм, құрылғы табамын дейтін мейкерлерге алғыс білдіремін. Біз сіздердің өнертабыстарыңыз бен механизмдеріңіздің тек Қазақстанда ғана емес, бүкіл әлемде жұмыс істегенін қалаймыз», - деп атап өтті.
-Бүгін сіздер жай ғана прототип әзірлеп отырған жоқсыздар. Сіздер ерекше жандардың өмірін жақсартуға үлгі болып, қоғамдық сананы өзгертіп жатырсыздар. Сіз өздеріңізді, қиындық пен кедергіге ұшыраған адамдардың өмірін жақсартудасыздар», - деді ТАУ Достары қауымдастығының Вице-президенті Сәния Арапова да мейкерлерге.
Алдағы шілде айында Астанада PostTOM өтеді, яғни жобаның қорытындысы шығарылады.
Фарида Бықай,
«Егемен Қазақстан»
Павлодар облысы
Суретті түсірген Анар Көшімбаева