19 Маусым, 2017

Асқаралы Асқар аға

682 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Кез келген ғылым саласында «тұлға» мәселесінің де өзектіленуі осы кезеңге тікелей қатысты. Қазақ ғылымының ғылыми айналымына әлдеқашан еніп кеткен «элиталық тұлға» ұғымының түпкі мәні «элита» сөзі білдіретін мәнімен тікелей байланысты. Француз тілінен аударғанда «күшті», «таңдаулы», «іріктелген» деген мағынаны білдіретін «элита» сөзінің түсінігі де әртүрлі. Элитаға тиесілі деп саналатын әрекет, өнімділік, белсенділік Асқар Алтынбекұлы Құлыбаевтың бала кезінен басталып, өмір белестерінің қай кезінде де серік болған.

Асқаралы Асқар аға

Асқар Құлыбаевтың элитарлы мәдениет өкілдеріне тән жарқын шығармашылық дер­бестігін дәріп­тейтін тұстары аз емес. Солар­дың бір­қатарын атап айтар бол­сақ: инженер-электрик, инже­нер-құрылысшы, тех­ника ғы­лым­дарының докторы, Қазақстан Республикасы мен ха­лық­аралық ин­женерлер ака­де­мия­сының ака­де­мигі, «Құрмет Бел­гісі», «Халықтар Достығы», І дәрежелі «Ба­рыс», «Отан», «Ин­же­не­р­лі даңқ» пла­тиналы ордені, «Дос­тас­тықтың Ал­тын жұлдызы» Суво­ров ордені, БҰҰ-ның «Бірлік ор­дені» ЮНЕСКО ордені, «Достық» ордені (Ресей), І дәрежелі Ұлы Петр орденімен ма­рапатталған. Сонымен қатар, ға­лым­ға Халықаралық инженер­лер академиясының күміс медалі табыс­тал­ды. ЮНЕСКО және Халықаралық ин­женерлер ака­де­мия­сының лауреаты, Қазақстан Республикасы Мем­ле­кет­тік сый­­лығының ие­гері, сондай-ақ, Алматы қа­ла­сының Құрметті аза­маты атақтары профессор А.А.Құ­лы­баев­тың элитарлы тұлға екен­дігін дәйектейді.
Психология ғылымында «Адам­ тұлға болып туылмайды, ол­ әлеу­­мет­тік, мәдени даму нәти­же­сінде қа­лыптасады» деген қа­ғидат бар. Тұлға расын­да бір күнде қалыптаспайды, ол – өмір ағысында пісіп-жетілген, бел­сенді өмірлік позициясы бар және ішкі қажеттілікке байланысты таңдау жасай білетін, өзі қоғамының алдында жауап бе­руге даяр, үнемі өзін өзі және өзгелерді жетілдіру үшін түр­лі әдіс-тәсілдерді меңгеріп, өз мінез-құлқын реттеуші адам. Осы пара­­дигмалардың бәріне сәйкес келетін – Асқар Алтынбекұлы Құлы­баев.
Данышпан  Абай бүкіл шығар­ма­шылығында Нағыз Адам, Толық Адам қандай болу керек деген сұ­раққа жауап іздейді, әрі оған жауап береді. «Әуелі бір суық мұз – ақыл зерек» өлеңінде: 
Ақыл, қайрат, жүректі 
бірдей ұста,
Сонда толық боларсың 
елден бөлек, 
– дейді. Абай айтып отырған елден бөлек, толық адам – ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұстаған жан – қазақтың элитасы. Қазақ элитасының мүшесі Асқар Ал­тынбекұлы – өзі тәмамдаған Құ­рылыс академиясының білім, тәрбие мәселелерін үнемі қадағалап отыратын, өсуіне, өркендеуіне үлес қосатын азамат. Бүгінгі ғалымның кешегі шәкірт ретінде өзі оқыған ордасының бі­лім­герлерінің әлеу­меттік жағ­д­айын да ескеріп отырады. Кө­мекке мұқтаж отбасыларынан шыққан студенттердің де жағ­дайына шәкіртақы тағай­ын­дау, шетелдік тәжіри­беге баратын студенттерге рухани, материалдық көмек беруге әрқашан дайын. 
Қазақта «Жақсының жақ­сы­лығын айт, нұры тасысын» деген сөз бар ғой. Міне, Асқар Алтынбекұлы – айналасына нұрын шашып жүретін, жақсылар мен жайсаңдарын тани білетін, көмек қолын со­зуға үнемі даяр тұратын осындай тұлға. Осы себептен өзі түлек болып шығып, қазіргі  таңда жұмысына үлес қосып жүрген білім ордасы Қазақ бас сәулет құрылыс академиясында Қамқоршылар кеңесінің Пре­зидиум төрағасы лауазымына ие болғанын ескерсек, оның ме­це­наттығының дәлелдері ай­қындалады. 
Қазақстанның ар­­хи­­тек­ту­ра-­
лық-құрылыс мектебінде өз қол­таңбасы бар А.А.Құлыбаев еліміздің дағдарыс жағдайында архи­тектуралық және инже­нер­лік мамандарының жетіс­пеу­шілігін айта отырып, оған нақ­ты қолдау көрсетіп отыра­ды. Осыған қарап, өзі білім алған оқу орнының жанашыры ұлтымыздың көрнекті өкіл­дерінің бірі, техника ғылымдарының докторы, академик  А.А.Құлыбаев – дана Абай көрсеткен толық адам мен аталған әлем таныған философтар танымындағы элита өлшеміне толық сай келетін тұлға.  X. Ортега-и-Гассет айтқандай, қоғамның ілгерілеуіне айтарлықтай үлес қосқан, еліміздің білім беру саласына көптің бірі ретінде емес, бірегейі ретінде танылып жүрген ғалым-педагог деуге де толық негіз бар.
Академик Асқар Алтын­бек­ұлының өмірдегі, ғылымдағы жолы осы көрсе­тілген элиталы мә­дениет иелеріне тән қа­сиет­тердің барлығына бірдей жауап бере алатын,  биологиялық ж­әне генетикалық шығу тегі мен пси­хологиялық сипаты, лауазым сатылары мен қоғамдағы орны, ғылым жолындағы зияткерлік әлеуеті мен кісілік келбеті данышпан Абай айтқан толық адамның қасиеттері: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек иесі екендігін айғақтай түседі.
Құрметті Асқар Алтын­бекұлы! Сізді төл мерекеңізбен құт­тық­тауға рұқсат етіңіз. Сіздің терең біліміңіз, жоғары кәсібилігіңіз бен біліктілігіңіз өзіңізге әріптестер арасында лайықты құрмет сыйлады. Бізге, ізбасарларыңызға терең ой және еңбекқорлық үлгісі болып, үнемі бағыт көрсетіп жүргеніңіз үшін ризашылығымды білдіремін. Сіздің алдағы жұмысыңыз да Қа­зақстанның дамуы мен гүлде­нуіне бағытталатынына нық сенім­дімін. Шын жүрек­тен сізге және сіздің жа­қын­дарыңызға мықты ден­саулық, мол бақыт, береке және қызметтеріңізге сәттілік тілеймін.  

Ақсәуле ТАУБАЛДИЕВА,
Халықаралық білім беру корпорациясының сыртқы қатынастар және студенттік  мәселелер жөніндегі проректоры