01 Қазан, 2011

Жұмылып жұмыс істейміз

409 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Жаңа оқу жылы бас­тал­ғалы да бір айдан асты. Шә­кірттеріміз сүйікті мектебіне келіп, ұстаздарынан білім алуда. Біздің білім ор­дамыз бұрынғы ескі жобамен са­лын­ған. Бірақ ұстаз­дары­мыз­дың ерекше ынта­сы­ның ар­қасында білім са­пасы жыл сайын өрлеп келеді. Мысалы, физика пәнінің мұғалімі Марал Жұмаділ республикалық ғылыми жобалар жарысында Панфилов ауданының тари­хында бірінші рет күміс жүл­­дегер атанса, 2010-2011 оқу жы­лында қазақ тілі пәні бой­­ын­ша өткен облыстық ол­им­пиадада Гүлмарал Қара­тае­ва үшінші орынды иеленді. Мұн­дай жетістіктеріміз аз емес. Осындай жұ­мы­ла істеген жұмыстың нәти­жесі шы­ғар, мектебіміз аудан бой­ын­ша «Ең үздік ауыл мектебі» атанып, екінші ор­ынды иеленді. Биылғы та­мыз айында аудан әкімі Е.Келемсейіт Дар­­­­базақұм орта мектебінің жетістігіне жоға­ры баға беріп, жаңа үл­гіде салынған, заман­ға сай тех­никалық базасы жеткілікті мектептерге үлгі ретінде таныстырды. Бұл да біз­дің мерейімізді өсірді. Ұс­таз­дарымыз білім берумен ғана шектеліп қалмай, әдіс­те­ме­лік құралдар шығару­мен де көзге түсіп жүр. Со­лардың қатарында биология пәні­нен өзінің озық тә­жі­ри­бесін жас­­­тарға та­ныс­ты­ру мақсатын­да кітапша шы­ғарған Жұ­ма­бике Өм­ірбае­ваның ізденісін ер­ек­ше атап өтуге бо­ла­ды. Мұ­ның бәрі біздің тәу­ел­­сіз­дік­тің 20 жыл­дығына де­ген тартуы­мыз. Майгүл ҚҰТТЫҚОЖА, Дарбазақұм орта мектебінің директоры. Алматы облысы.