Қазақстан • 20 Маусым, 2017

Елімізде жел мен күн энергиясын өндірудің әлеуеті жоғары – сарапшылар

423 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан көмір, газ бен уранның қорына бай. Сондай-ақ, елімізде жел мен күн энергиясын өндірудің әлеуеті жоғары. Бұл туралы Инженерлер мен ғалымдардың дүниежүзілік конгресінің екінші күні ұйымдастырылған жиында қазақстандық компания өкілдері айтты.

Елімізде жел мен күн энергиясын өндірудің әлеуеті жоғары – сарапшылар

Энергия көздерінің 73%-ы көмір өндірумен айналысатын стансалардан түсетін болса, 18%-ын газ өнеркәсібі қамтамасыз етіп отыр. Су электр стансалары тұтынылатын электр қуатының 8%-ын береді. Дөңгелек үстел барысында ұлттық компания өкілдері Энергетика министрінің орынбасарына сұрақтарын жолдап, бірқатар тақырыпты бірлесе талқылады. Осы орайда инвесторлардың қаржысын валюта бағамының тариф айырмасы бойынша қайтару мәселесі көтерілді.

- Егер қаржы құйылғаннан кейін жыл ішінде теңге бағамы 25%-дан асса, өзгеріс айырмашылығының 30%-ы тариф бойынша өтеледі. Мемлекет экономиканың долларсыздандыру саясатын жүргізе келе инвестицияларды тікелей қайтара алмайды. Бүгінде біздің инвесторларымыз бұл шарттармен жете таныс. Және әріптестікті жалғастырып жатыр, - деді Энергетика министрінің орынбасары Бақытжан Жақсалиев.