Кездесуде Қазақстан мен Түркия арасындағы сауда-экономикалық қарым-қатынастардың, соның ішінде екіжақты сауданы арттыру бойынша кеден органдарының орны мен маңыздылығы жөнінде сөз болды. Кеден саласы бойынша ынтымақтастықты ілгерілетуге қатысты екіжақты жоспарлар да талқыланды.
«Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына арналған Жолдаудың негізгі басымдығы туралы хабардар еткен елші өз сөзінде Қазақстан мен Түркия арасындағы қарым-қатынастардың стратегиялық деңгейде жалғасып келе жатқанын, кеден саласындағы ынтымақтастықтың көпжақты және екіжақты тұғырнаманың негізінде жүргізіліп отырғанын атап өтті. Сонымен қатар, Қазақстан мен Түркияның кеден органдары арасындағы ынтымақтастықтың басты бағыттары бойынша екіжақты сауда саласындағы тауарларға қатысты алдын ала ақпараттармен алмасу, уәкілетті экономикалық операторларды таныстыру және тәжірибе алмасу мәселелеріне назар аударды.
Өз кезегінде, министр Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың ұстанған көреген саясатына жоғары баға беріп, Қазақстанның Орталық Азия өңіріндегі Түркияның басты саяси және экономикалық әріптесі екенін атап өтті. Сондай-ақ, екі мемлекеттің кеден органдарының Жібек жолы және Керуен сарай жобалары бойынша өзара ынтымақтастығының маңыздылығына тоқталды. Екі ел арасында келісілген ортақ жобалардың іске асуына мүдделі екенін жеткізді.
Түркияның Кеден және сауда министрі Б.Түфенкчи елші А.Сапарбекұлын жаңа қызметімен құттықтап, жүрекжарды тілектестігін білдірді.
Қазақстан Республикасының Түрік Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Абзал Сапарбекұлы осы елдің Кеден және сауда министрі Бүлент Түфенкчимен кездесті, деп хабарлады Қазақстанның Түркиядағы елшілігі.
Жаңа тариф жергілікті халыққа тиімді
Табиғат • Кеше
Қарағанды облысында алты жасар бала өзенге батып кеткен
Төтенше жағдай • Кеше
Анасы түрмедегі ұлына телефон кіргізбек болған
Қоғам • Кеше
Роза Рымбаева жаңа атаққа ие болды
Мәдениет • Кеше