«Мемлекеттік қызметшілерге қоғам мен мемлекет тарапынан үлкен сенім артылады. Ол Елбасы саясатын атқарушы, мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асуына белсене атсалысады. Елбасы бастамасымен мемлекеттік аппаратты жаңғырту, мемлекеттік қызметшілер біліктілігін көтеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. «Нақты 100 қадам» ұлттық жоспарының 15-қадамында айтылған міндеттерге сәйкес мемлекеттік қызметшінің біліктілік дайындығын анықтау үшін биыл «Б» корпусына кешендік аттестация жүргізілді. 14-ақпан пен 28-сәуір аралығында облыстағы атқару және өкілетті органдардың 2400-ден аса мемлекеттік қызметшілері аттестациядан өтті. Олар жоғары дайындығын көрсетті, арнайы комиссия олардың көпшілігіне әрі қарай лауазымдық қызметке көтерілуге кепілдік берді» деді Архимед Бегежанұлы.
Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілерді Мелекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қостанай облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңестің төрағасы Берік Бекжанов төл меркесімен құттықтады.
Салтанатты жиналыста мемлекеттік қызметшілерге облыс әкімінің құрмет грамотасы, сондай-ақ мемлекеттік қызмет жөніндегі агенттік департаменті басшысының алғыс хаттары үздік қызметшілерге, қоғамдық қайраткерлерге, журналистерге табыс етілді. Мерекеге орай департамент «Үздік мемлекеттік қызметші-2017», «Балалар суреттерінің байқауы» және «ЖОО студенттері арасында сыбайластыққа қарсы шабуыл» байқауларын өткізген болады. Салтанатты жиналыста байқаулардың жеңімпаздары марапатталды.
Жиын соңы облыс өнерпаздарының концертіне ұласты.
Нәзира Жәрімбетова,
«Егемен Қазақстан»