– Заманауи әуежай мемлекетіміздің визиттік картасы. Себебі «Нұрлы жол» бағдарламасы және осы ауқымды бағдарламаның авторы xалық есінде қалуы қажет. Шетел азаматтары Астанаға келгенде алдымен әуежайды көреді, – дейді министр.
Дегенмен мұндай үрдісті мемлекет басшысының өзі жақтыра қоймайтынын айтқан министр, халықаралық әуежайға елбасы есімін беруді құптайтынын жеткізді.
– Меніңше, ол жерде Нұрсұлтан Назарбаевтың есімі тұрғаны дұрыс әрі заңды. Бұл жолы мемлекет басщысы әуежай атын алмастыруды дұрыс түсінеді және қолдайды деп ойлаймын. Елбасы атымен көптеген маңызды нысандарды атауға болады. Бірақ мұндай үрдісті мемлекет басшысы жақтыра қоймайды. Барлығын уақыт көрсетеді, – дейді Д. Абаев.
Ая ӨМІРТАЙ,
«Егемен Қазақстан»