Ауа райы • Бүгін, 12:12

Бұршақ жауып, жел күшейеді: Демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамы

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

4 және 5 сәуірде Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынды ауа райы күтіледі. «Қазгидромет» мамандарының хабарлауынша, бұл жағдайға атмосфералық қысымның ауысуы әсер етпек, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұршақ жауып, жел күшейеді: Демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамы

Фото: Ашық дереккөз

Елдің солтүстік-батысында 4 сәуірде қатты жаңбыр жауады. 5 сәуірде оңтүстік аймақтарда да жауын-шашын болады. Сондай-ақ 5 және 6 сәуірде батыс өңірлерде нөсер күтіледі.

Республиканың басым бөлігінде жел күшейіп, түнде және таңертең тұман түседі. Ал күндіз кейбір аймақтарда бұршақ жаууы ықтимал.

  • Батыста – +10...+20 градус жылы;
  • Солтүстікте – +15...+20 градус жылы;
  • Шығыста ауа температурасы +15...+23 градустан +20...+28 градусқа дейін көтеріледі.

Еске сала кетейік, «Қазгидромет» 3 сәуір ел аумағында ауа райы қолайсыз болатынын ескертті. Синоптиктер болжамынша, бүгін еліміздің басым бөлігінде жел күшейіп, тұман түседі.

Соңғы жаңалықтар