Парламент • 22 Маусым, 2017

Құтқарушылар алғыс айтуға лайық

441 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Парламент Сенатында Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің ұйымдастыруымен өткен парламенттік тыңдау барысында азаматтық қорғаныс саласын дамыту мәселелері талқыланды, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі.

Құтқарушылар алғыс айтуға лайық

Сенат басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы мақұлдаған 2015-2030 жылдарға арналған табиғи апаттардың тәуекелін азайту жөніндегі Сендай бағдарламасының ережелеріне назар аударды. Онда табиғи апаттардың салдарынан 2005-2014 жылдары 700 мыңнан астам адам қаза тапты, 1,4 миллионнан астам адам мүгедек болып, шамамен 23 миллионға жуық адам баспанасынан айрылды деп көрсетілген. Апаттардың салдарынан жалпы саны 1,5 миллиардтан астам адам зардап шекті. 
Сенат Төрағасы азаматтық қорғаныс саласының құқықтық негізін жетілдіру жөніндегі шаралар туралы айтып өтті. 2014 жылғы сәуір айында Парламент қабы­лдаған «Азаматтық қорға­ныс туралы» Заң төтенше жағ­дай­ларға қарсы іс-қимыл саласын­дағы алты заңнамалық актіні бірік­тіріп, бір жүйеге түсірді. Бұл – апат­тарға қарсы іс-қимылдың бола­шақ­тағы ұзақ мерзімді жаңа тұжырым­дама­сын жасауға және іске асыруға мүмкіндік берді. 
Қ.Тоқаев апаттан зардап шеккен азаматтарымызды қиын жағдайда қалдырмаудың қажеттігі жайында айта келіп: «Мемлекет төтенше жағдайлардан зардап шеккендерге қолдау көрсетуге міндетті және қолдау көрсететін де болады», – деді. 
Сенат басшысы осы саладағы өзекті мәселелерге назар аударды. Үкімет пен жергілікті атқарушы органдар төтенше жағдайлардың алдын алу шараларына, ал форс-мажор жағдайларында олардың салдарын жоюға қажетті қаражат­тың қарастырылуын аса мұқият түрде нақтылап отыруы тиіс. Қажет болған кезде шұғыл түрде пайдалана алатын мүмкіндіктің болуы үшін мемлекеттің материалдық резервтегі ресурстарының атау­лары мен тиімді логистикасын пысық­тау қажет. Қ.Тоқаев­тың пікі­рінше, халықтың арасында төтен­­ше жағдайлардан сақтандыру мәсе­­лелерін түсіндіру жөніндегі жұмыс­тар күшейтуді талап етеді. 
Сенат басшысы қазіргі кезде сақтандыру аса өткір мәсел­е екеніне тоқталды. Апаттан келген шығынның орнын бюджет қаржысы толтыра алмайтыны белгілі. Азаматтар шығынның орнына ақшалай берілетін көмекті жылдар бойы күтеді. Сондықтан қазақстандық және шетелдік сақ­тандыру компанияларын кеңінен және белсенді түрде тартатын нарықты қалыптастыру керек. Осы мақсат үшін сақтандыруды мүлде жаңа негізде әзірлеу қажет. 
Қараусыз қалған гидротех­никалық құрылыстардың мәселесі қазіргі уақытқа дейін шешілмеген, олардың еліміздегі саны 60-тан асады. «Осының салдарынан елімізде бірнеше рет қайғылы жағдайлардың орын алғаны да аян. Ағынсу құбыр­лары мен елді мекендердегі арық жүйелерін дамыту және су тас­қы­нының алдын алу үшін, жер­гілікті атқарушы органдардың жауап­кершілігін күшейту мақса­тында архитектуралық-қала құры­­лысына қатысты заңнамаға түзету­лер енгізу керек», – деді Жоғарғы палатаның басшысы.
Өнеркәсіп орындарының қауіп­сіздігін қамтамасыз ету, әсіре­се ірі индустриялық кешен­дерде эко­ло­гиялық ортаны қор­ғау, сей­с­ми­ка­лық қорғау, қала­лар мен ауыл­дардың тіршілік инфра­құрылы­мы­ның қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері мемле­кеттік органдар­дың әркез назарында болуы тиіс. 
Сенат Төрағасы осы маңызды мәселелердің шешілуін заңнамалық тұрғыдан қажетті қолдау көрсетуге депутаттардың дайын екенін атап өтті. 
Парламенттік тыңдау барысында Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов, Алматы әкімінің орынбасары Румиль Тауфиков, Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынба­сары Антон Федяев, БҰҰ-ның Даму бағдарламасы апат қатерін төмендету және климаттың өзгеруі мәселелері жөніндегі аймақтық кеңесшісі Станислав Ким, Төтенше жағдай мен сұра­пыл апаттардың қатерін азайту жөніндегі орталық­тың директоры Валерий Петров және басқалар сөз сөйледі. 
Парламенттік тыңдауға қатысу­шылар ұсыныстар әзірледі. Құжатта осы саланы заңнамалық және ұйымдастыру жөніндегі бірқатар нақты ұсыныс бар.