Жеңіл атлетика • 22 Маусым, 2017

Алматыда жеңіл атлетикадан халықаралық турнирі өтеді

159 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Дәстүрлі түрде өтетін халықаралық Ғұсман Қосанов Мемориалы 24-25 маусым күні Алматыда өтеді.

Алматыда жеңіл атлетикадан халықаралық турнирі өтеді

1991 жылдан бастау алған халықаралық турнир биыл 27-ші рет ұйымдастырғалы отыр. Ғұсман Қосанов мемориалына Үндістан, Иран, Бахрейн, Сирия, Малайзия, Ауғанстан, Түркіменстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Кения және Қазақстанның атлеттері қатысады. Халықаралық жарысқа 200-ден астам спортшы қатысады деп күтілуде. Қазақстан құрамасы сапынан нақты кімдердің өнер көрсететіні жарыстың басталуына бір күн қалғанда анықталады.

Мемориалда қатысушылар 30 жекелеген сайыс бойынша сынға түседі (15-і ерлер, 15-і әйелдер арасында). Сонымен қатар, ерлер және әйелдер арасындағы 4х100, 4х400 метрге жүгіру бойынша командалық эстафета бағдарламасы қосылған.

Ұйымдастырушылар 100 метрге жүгіргендердің ішінде үздік шыққан атлетке арнайы сыйлық тағайындап отыр (Ғұсман Қосанов – дәл осы қашықта Олимпиада жүлдесін еншілеген алғашқы қазақ атлеті), ал демеушілердің жүлдесі көрермендер арасында ойнатылады.