Президент • 22 Маусым, 2017

Назарбаев халықаралық компания басшыларымен келіссөздер жүргізді

260 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұрсұлтан Назарбаев Шетелдік инвесторлар кеңесінің пленарлық отырысы аясында бірқатар екіжақты кездесу өткізді, деп хабарлайды akorda.kz.

Назарбаев халықаралық компания басшыларымен келіссөздер жүргізді

Мемлекет басшысы Шетелдік инвесторлар кеңесінің пленарлық отырысына қатысу кезінде бірқатар халықаралық компания басшыларымен бірлескен келіссөздер жүргізді.

Атап айтқанда, Қазақстан Президенті «Эни С.п.А.» компаниясының бас атқарушы директоры Клаудио Дескальцимен, «Ройял Датч Шелл» концернінің бас атқарушы директоры Бен ван Берденмен және «ЛУКОЙЛ» компаниясының президенті Вагит Алекперовпен әңгімелесті.

Келіссөздер барысында компаниялардың Қазақстанның мұнай-газ саласындағы қызметінің негізгі бағыттары талқыланып, Қарашығанақ пен Қашаған кен орындарын игеру үдерісін одан әрі үйлестіру мен жоспарлаудың өзекті аспектілері қаралды.

Компаниялар басшылары Шетелдік инвесторлар кеңесінің жұмысы табысты екенін атап өтіп, Нұрсұлтан Назарбаевқа республикада қолайлы инвестициялық ахуал жасағаны үшін алғыс айтты.