БҰҰ қорының арнайы кеңесшісі Серж Мартин маған былай деді: «Қазақстанда адам көріп-білмеген рухани қуат бар. Сіздердің елдеріңіз Еуразия субқұрлығының аса маңызды және аса көрнекті рухани, сондай-ақ, саяси күшіне айналып отыр. Қазақстан бүгінде баршамыздың басымызды қосатын орталық іспетті. Мұнда, әрине, Президенттеріңіз Н.Назарбаевтың еңбегі орасан зор. Мен Қазақстанға Астананы тағы бір мәрте көріп, қазақ халқының жүрек жылуын сезіну, ізгілікті іс-әрекеттерден қуат алу және Көшбасшыларыңыздың сөзін тыңдау үшін келдім».
Мен мұны неге есіме алып отырмын. Өйткені, меймандардың Қазақстанмен алғашқы кездесуі енді қарапайым қаланы рухани тартылыстың қасиетті нысанына айналдыра білген адамның атын иеленген әуежайда жүзеге асатын болады.
Әр мемлекеттің алдында халықтардың басын біріктіретін міндеттерді табу мен нығайту мәселесі тұрады. Мен үшін бұл бірегейлік деп аталатын рухани қуат күші екені күмәнсіз. Н.Назарбаев қазақстандық бірегейлікті қалыптастырудың лайықты үлгісі болып табылады. Ал оның атының халықаралық әуежайға берілуі – халқымыз бен қоғамымыз бірлігінің жоғары нышаны. Бұл, түптеп келгенде, біздің бірегейлігіміздің форпосты, ұжымдық «Меніміз».
Анатолий БАШМАКОВ,
Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің мүшесі, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-дің кафедра меңгерушісі, экономика ғылымдарының докторы
Х Астана экономикалық форумына қатысушылармен кездесуім кезінде мен еліміздің қонақжайлылығы үшін шынайы алғыс сөздерді көп естідім. Ал қонақтардың алғашқы қадамы еліміздің әуе қақпасы – халықаралық әуежайдан басталатыны белгілі.
Жаңа тариф жергілікті халыққа тиімді
Табиғат • Кеше
Қарағанды облысында алты жасар бала өзенге батып кеткен
Төтенше жағдай • Кеше
Анасы түрмедегі ұлына телефон кіргізбек болған
Қоғам • Кеше
Роза Рымбаева жаңа атаққа ие болды
Мәдениет • Кеше