Парламент • 23 Маусым, 2017

Сайлау электрондық жүйемен бақыланады

141 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

28 маусымда өтетін Парламент Сенатының сайлауына халықаралық ұйымдар мен шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының 288 өкілі байқаушы ретінде қатыспақ. Солардың ішінде Франс-Пресс, Би-Би-Си, Рейтер, Әл-Жазира секілді танымал ақпарат агенттіктері бар.

Сайлау электрондық жүйемен бақыланады

Сонымен, 28 маусымға бел­гіленген Парламент Сенаты­­ның депутаттарын сайлауға ха­лықаралық ұйымдар мен шет мем­лекеттер­дің байқаушы­ла­рын аккредиттеу аяқталды. Орта­лық сай­лау комиссиясының мү­шесі Марат Сәрсембаевтың мә­лі­метінше, Сыртқы істер ми­нистрлігі сайлауды байқау жө­ніндегі 2 миссиядан, 2 ха­лық­аралық ұйым мен 8 шет мем­ле­кеттен тағы 118 байқаушыны аккре­диттеуді ұсын­ған. Олар­дың ішінде 66-сы – ТМД бай­қау­шылар миссиясынан. 
Тарқатып айтсақ, ТМД Пар­ла­мент­аралық Ассам­блея­сы­нан – 13 байқаушы, Шанхай ын­тымақтастық ұйымынан – 12, Бе­ларусь және Ресей одағы Пар­­­ламенттік жиналы­сы­нан – 3, Түркі­тілдес елдердің ын­­тымақтастығы кеңесінен – 10, Түркітілдес елдердің Пар­ламенттік Ассамблеясынан – 5 және 11 шет мемлекеттен 25 бай­қаушы бар.
Ал Орталық сайлау коми­с­сия­сы 172 байқау­шыны аккре­дит­теді. Олардың ішінде 106-сы – ТМД Миссиясынан.
Халықаралық байқаушылар қата­рында 15 шет мемлекеттің ор­талық сайлау органдарының бас­шылығы, Ресей Мемлекеттік Думасының, Федерал­дық Жи­на­лысы Федерация Кеңесінің жә­не ТМД елдері мен түркітілдес мемлекеттер парла­­м­ент­терінің де­путаттары, Қазақ­стандағы дип­ло­матиялық миссиялардың ел­шілері мен жоғары лауазымды ресми тұлғалар бар. 
– Орталық сайлау комис­сия­сының бүгінгі отырысында шетелдік байқау­шылардың мә­се­лесі көтеріл­ді. Ереже бойынша ал­дымен еліміздің Сыртқы істер министрлігі байқаушыларды акредиттеуден өткізіп, тізімді бізге ұсынады. Сайлауға бір күн қалғанда байқаушылардың көбі осында келеді. Олар Астанада ға­на емес, еліміздің басқа да өңір­лерінде сайлаудың әділ әрі та­лапқа сай өтуін бақылайды, – дейді Орталық сайлау комис­сия­­сының мүшесі Марат Сәр­сем­баев.
Оның айтуынша, биыл сай­лау процесін өткізуді бақылау үшін алғаш рет электронды жү­йе енгізіліп отыр. Осы жүйе ар­қы­лы тек акредиттеуден өткен бай­қаушылар, журналистер ға­на емес, бүкіл ел тұрғындары дауыс беру үр­дісі барлық заң талаптарына сай өткізіліп жат­қа­нын компьютер арқылы бақылай а­лады. Бұл – демократиялық қо­ғамға тән құбылыс, дейді ол. 
Орталық сайлау комиссия­сы­ның отырысын­да күн тәр­ті­бінде қаралған тағы бір мә­селе – Өскемен қалалық мәс­ли­хатының шығып қалған депу­та­ты­­ның орнына сайлауды келісу ту­ралы болды. 
«Қазақстан Республи­ка­сын­дағы Сайлау туралы» Заң­ның 101-бабы, 4-тармағына сәй­кес шығып қалған мәслихат де­пу­татының орнына сайлау осы жылғы 30 шілдеге та­ғай­ын­далған. Мұны бірауыздан ма­­құлдағаннан кейін Шығыс Қа­зақ­стан облыстық сайлау комис­сия­сына сайлауға дайындық жә­не оны өткізуге байланыс­ты ұйымдастыру-әдістемелік жұ­мыс­тарды жүргізу тапсырылды.

Қымбат ТОҚТАМҰРАТ,
«Егемен Қазақстан»