Қазақстан • 23 Маусым, 2017

Елбасы Дүниежүзі қазақтарының мерейтойлық құрылтайын ашты

233 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астанадағы Тәуелсіздік сарайында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Дүниежүзі қазақтарының V құрылтайы өз жұмысын бастады.

Елбасы Дүниежүзі қазақтарының мерейтойлық құрылтайын ашты

Құрылтай аясында Ұлттық академиялық кітапханада белгілі дінтанушы-ғалымның 100 жылдығына арналған «Халифа Алтай және тарихтың оралуы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді. Дін істері және азаматтық қоғам, Білім және ғылым, Ақпарат және коммуникациялар, Мәдениет және спорт, Денсаулық сақтау министрліктері Құрылтайдың шетелдік қонақтарымен «дөңгелек үстел» отырысын ұйымдастыруды жоспарлауда. Сонымен қатар Құрылтай делегаттары мен қонақтары «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесімен танысып, этноауылды аралайды және «Астана Опера» театрында ұлттық музыкамыздың алтын қорына енген Евгений Брусиловскийдің «Қыз Жібек» операсын тамашалайтын болады.

Құрылтай жұмысына барлығы 750 делегат пен қонақ қатысуда. Оның 350-і әлемнің 39 елінен келді. Дүниежүзі қазақтары құрылтайының баспасөз орталығында 150 отандық және шетелдік БАҚ өкілдері ақпарат таратуда.

Естеріңізге сала кетсек, Дүниежүзі қазақтары құрылтайын 1992 жылдан бері өткізіліп келеді.

Суретті түсірген Ерлан Омаров,

"Егемен Қазақстан"