Аймақтар • 23 Маусым, 2017

Жәдігерлерді жүйелейтін кез жетті

112 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақмола облысында киелі орындардың біртұтас желісі құрылмақ болады. Бұл жөнінде облыстық мәдениет басқармасының басшысы Сәуле Бұрбаева «Қазақстанның рухани қазынасы» арнайы жобасының жүзеге асырылуына орай өткізілген дөңгелек үстел барысында атап кетті.

Жәдігерлерді жүйелейтін кез жетті

Тарих ғылымдарының докторы, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ археология және этнология ка­федрасының профессоры Айман Досымбаеваның айтуынша, Ақмола облысы аумағындағы қасиетті орындардың біртұтас желісін құру өңір тарихын то­лықтай түсінуге мүмкіндік ту­ғызып, туристік кластердің дамуына өзіндік серпін беретін болады. «Қазір бізге қасиетті ескерткіштердің біртұтас желісін құру жұмыстарын қандай оңтайлы жолмен бастауды зерттеп алуы­мыз қажет. Облыстың тарихи-мәдени құндылықтарын, өңірдің ғана емес, бүкіл Қазақстанның қасиетті орындарын жастайынан білуге баулу үшін мектепке дейінгі және мектептегі білімге ерекше көңіл бөлінуі қажет», деді Сәуле Бұрбаева өз сөзінде. 
Реті келгенде қазір Ақмола облысы аумағында 1793 тарихи-мәдени нысан бар екендігін айта кетейік. Археологиялық жәдігерлер санатындағы 1375 ескерткіш Зеренді, Ерейментау, Бура­бай, Қорғалжын және Атба­сар аудандарының аумағында орналасқан. Мәдениет басқар­масы басшысының айтуын­ша, қасиетті ескерткіштер кар­тографияланып, ғылыми жүйеге түсірілгенімен, оларды терең зерттеп, жалпыұлттық тарихи-мәдени құндылықтар нысандарының тізімін жасау орынды болмақ. Осыған орай Мәдениет басқар­масы жанынан құрамында ведомство қызметкерлерінен өзге мұражай қызметкерлері, өлкетанушылар, ғалымдар мен тарих­шылар бар жұмыс тобы жергілікті және республикалық маңызы бар нысандарды Рухани нысандар картасына енгізу бо­йын­ша жұмыс жүргізуде. 

Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ,
«Егемен Қазақстан» 
Ақмола облысы