Полиецейлерді мерекелерімен облыстық ішкі істер департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Марат Қожаев құттықтап, алдағы уақттыа да өңірдегі қоғамдық тәртіпті сақтауға бар күш-жігерін салатынына сенім білдірді.
Жиыннан соң полиецейлердің кәсіби мерекелеріне арналып, Естай атындағы мәдениет сарайында концерт өтті. Өңірдің 300-ге жуық полиция қызметкері мен құқық қорғау саласының ардагері марапатталды.
Полиция қызметі қашан да жауапты. Елімізде қолға алынған қоғамдық және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында «Әмбебап полицей» жобасы 2012 жылы қанат қақты жоба негізде облысымызда жүзеге асырыла бастады. Жол және патрульдік полиция қызметі бірікті. Мерекеге арналған жиын барысында айтылғандай, Мемлекет басшысының «100 нақты қадам» – Ұлт жоспарын жүзеге асыру мақсатында өткен жылы жергілікті полиция қызметі құрылды. Биылғы 5 айдың ішінде өңірде құқықбұзушылық деңгейі 23,7 пайызға азайды. Ауыр және аса ауыр қылмыс 27,1 пайызға төмендеді. Тәртіп сақшылары жүргізген прафилактикалық шаралар қоғамдық орындардағы құқықбұзушылықты 25,7 пайызға, көшедегі тәртіпсіздікті 20 пайызға азайтуға мүмкіндік берді. Полицейлердің қызметі нәтижесінде биыл 2201 қылмыстың беті ашылды. Облыс орталығында жедел басқару орталығы жұмыс жасайды. Қала ішінде орналасқан бейнебақылау камераларының барлық жедел ақпараттары осы орталықта қаралады. Сондай-ақ 3 көше қиылысында жол қозғалысын бақылайтын «Интегра – КДД» интеллектуалды жүйесі орнатылған. Бейнебақылау көмегімен жолда 1592 құқық бұзушылық оқиғасы анықталыпты. Нәтижесінде жүргізушілерге 31 миллион теңгеге жуық айыппұл салынды.
Облыста елімізде тұңғыш рет «Zero Tolerance» пилоттық жобасы қолға алынды. Жоба ұсақ құқықбұзушылыққа жол бермеу мақсатында облыс әкімдігінің қолдауымен жүзеге асырылған. Қала тұрғындары «Zero Tolerance» мобильді қосымшасы арқылы құқық қорғау органдармен байланысқа шыға алады. Мобильді қосымша қосылғалы бері ішкі істер департаментіне тұрғындар тарапынан 106 хабарлама келіп түскен.
Фарида Бықай,
«Егемен Қазақстан»
Павлодар облысы