Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде бұршақ жаууы мүмкін, желдің жылдамдығы 15-20, екпіні 23-28 м/с-ға дейін болады. Ақмола, Алматы, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде бұршақ жаууы мүмкін, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.
Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде бұршақ жаууы мүмкін, күндіз кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.
Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды, күндіз Қызылорда, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с болады, Қызылорда облысында шаңды дауылмен соғады.
Қостанай облысының таңертең кей жерлерінде тұман болып, күндіз желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.
Күндіз Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарында, Қарағанды облысының кей жерлерінде қатты ыстық болады.
Күндіз Қызылорда облысында, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.