Ведомствоның мәліметінше, 23 маусымда 18 955 өтініш берген жоғары оқу орнына түсушілердің 17 828 (94,05 пайызы) қатысты. Оның ішінде қазақ тілінде -13 569, орыс тілінде - 4860 адам. ҰБТ 60 өткізу пунктерінде жүргізілді.
"1 түлек тәртіп бұзғаны үшін аудиториядан шығарылды, оның нәтижесі жойылды. Ұлттық бірыңғай тестілеудің төртінші күнінде 13 126 тыйым салынған заттар алынды. Орташа балл - 79,86", делінген хабарламада.