Қазақстан • 24 Маусым, 2017

Астанада журналистер арасында шағын футболдан турнир өтті

291 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақпарат және байланыс күні қарсаңында Астана қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен елордада БАҚ өкілдері арасында шағын футболдан турнир өткізілді. Дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатқан жарыс әдеттегідей Қ. Мұңайтпасов атындағы стадионда өтті. Шағын футбол ережесі бойынша ойынға 13 команда мен бұқаралық ақпарат құралдарының 130 өкілі қатысты.

Астанада журналистер арасында шағын футболдан турнир өтті

Турнир алдында ұйымдастырушылар жеребеге сәйкес командаларды төрт топқа бөлді. Топтық кезеңнің нәтижесі бойынша сегіз ұжым плей-офф сынына жолдама алды. 

«Егемен Қазақстан» командасы финалдық кездесуде «Қазақ радиосын» 2:1 есебімен ұтып, турнир жеңімпазы атанды. Ал «Хабар» командасы «Елорда Ақпарат» тілшілерінен 4:0 есебімен басым түсіп, үздік үштікті қорытындылады.

Ұйымдастырушылар сондай-ақ, жеңімпаз командалардан бөлек ерекше ойынымен көзге түскен ойыншыларды да марапаттады. «Елорда Ақпарат» сапынан Қуандық Әлімжанов «үздік қақпашы» атағына ие болса, «KazSport» ойыншысы Ермек Төрениязов «үздік қорғаушы» атанды. Сонымен қатар, турнирдің «үздік ойыншысы» «Жеңіс» футболшысы Марғұлан Ибраевқа бұйырды.