«Қоғамдық кеңістік аймақтарын дамыту бойынша жасап жатқандарымыздың барлығын Place making (қоғамдық жайлы орындарды құру) принципі бойынша құрудамыз. Көптеген тұрғындар үшін суда серуендеудің биылғы маусымы инновациялық электро-катамарандармен есте қалмақ, онымен кез келген адам қыдыра алады», - деп жазды Тұрлыбек.
Оның айтуынша, демалушылар 8 адамға арналған заманауи катамарандардың қолжетімді бағасы мен жайлылығына оң бағаларын беріп үлгерді.
«Есіл жағасында өте жайлы тағы бір қоғамдық кеңістік алаңы пайда болды. Жас кәсіпкер Жанболат Маратов осы уақытқа дейін бос болып келген және көптеген демалушылардың назарына ілікпеген жерден Toffee Waffle - көше дәмханасын ашуды ұсынды. Бүгінде елорда тұрғындары мен қонақтары үшін биік 30 орындық орналастырылды. Енді, бұл жерде дәмді тағамдардан ауыз тиіп, достармен кездесіп қана қоймай, Есілдің әсем келбеті мен кешкі фонтан-шоуын тамашалауға болады», - деді А.Тұрлыбек.