Аймақтар • 26 Маусым, 2017

Шайтанарбамен шарлап жүр

155 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Еліміздің түкпір-түкпірін шайтанарбамен шарлап жүрген бұл кісі Көкпекті ауданының Көк­пекті ауылында тұрады.

Шайтанарбамен шарлап жүр

Рашид Байпақбаевты 1982 жылы Семейде оқып жүргенде көлік қағып, екі күн ес-түссіз жатып, бес рет ота жа­салыпты. «Клиникалық өлімді басымнан кешіргесін денсау­лығымды қалпына келтіру қажет болды. Сол мақсатта велосипед тебе бастадым», дейді ол.
Облыс аумағындағы аудан­дарға шайтанарбамен желдей жүйткіп барып-келіп жүретін жігіт ағасы еліміздің өзге өңірлеріне де екі аяқты көлігімен саяхаттайтын көрінеді. 2011 жылы мың шақы­рымнан асатын Астанаға 9, 2012 жылы Алматы арқылы Тү­ркістан қаласына 20 күнде жетіп­ті. Осы уақытқа дейінгі бағын­дырған межесі – 120 000 шақырым. Күніне орташа есеппен 100-120 шақырымды артқа тастайды екен. 
«Велосипед тебу адамның қан қысымын қалпына келтіріп, артық салмақтан арылтады. Жүрек қан-тамыр жүйесін, зат алмасу, тыныс алу қызметін жақсартады. Ұйқысыздық дертіне де таптырмас ем», деген ауыл тұрғыны алдағы уақытта Атырау мен Ақтауға баруды жоспарлап жүргенін айтты.

Азамат ҚАСЫМ,
«Егемен Қазақстан»

Шығыс Қазақстан облысы, 
Көкпекті ауданы