Бұл жағдай марқұмның тума-туысқандары тарапынан түсінбестік туғызды. Олар бұл мәселеге байланысты туысқанының ағза мүшелері біреулерге сатылып кеткен жоқ па екен деген күдік келдірді. Трансплантацияға қатысты ел-жұрт арасында алыпқашпа әңгіменің таралуына себепкер болған жәйтке байланысты трансплантация бойынша еліміздегі үйлестіру орталығының директоры Жақсылық Досқалиев пен Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиев egemen.kz тиісті түсініктер берді. Олардың мәлімдеуінше адамның миы жұмыс істеуін тоқтатқаннан кейін ҚР-ның «Халық денсаулы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің тиісті баптары мен тармақтары заң жүзінде рұқсат береді. Тек бұл үшін өмірден өтіп кеткен адам: бұған қарсымын деп алдын ала арыз жазып кетпесе болғаны. Бұлай болмаған жағдайда хирург-дәрігерлер бақилық болған кісінің тума-туысқандарынан рұқсат сұрамай-ақ дене мүшелерін ала береді, - деді брифингте түсінік берушілер.
Атап айтқанда Жақсылық Досқалиев, бұл бұрыннан бар тәжірибе екенін алға тартып, алыпқашпа әңгіме түсіндіру жұмыстарының кемшілігінен болғанын айтып берді. Мұның бәрі тиісті заң аясында жүзеге асты деп түйін жасады ол. Солай бола тұрса да өмірден өткен ағайынын донор ету арқылы тірі жандарға ота жасаған дәрігерлер бұл жағдай туралы бізге хабарлап ескертпегені қалай деген марқұмның тума-туысқандарының уәжі де орынды деп білеміз.
Темір Құсайын