Аймақтар • 26 Маусым, 2017

Павлодарда оқушылар киіз үй лагерлерінде демалады

504 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыстық білім беру басқармасының хабарынша, жазғы демалысты киіз үйде өткізудің мақсаты-оқушыларды этно-мәдени тәрбиеге, ұлттық салт-дәстүрге, фольклорға тарту.

Павлодарда оқушылар киіз үй лагерлерінде демалады

Биыл жазда жылдағыдай облыстың 2264 оқушысы киіз үйде демалады. Маусым-тамыз айлары аралығында Қашыр ауданында «Ауыл», Май ауданында «Ұлы дала елі» және Шарбақты ауданында «Ата бабаларымыздың салт-дәстүрлері» атаулары бар киіз үй лагерьлері жұмыс істейді. Өңірдегі Павлодар, Ақсу, Екібастұз қалалары мен аудандарда 16 лагерь ашылды. Ауылдарда әкімдіктерінің қолдауымен алдағы айларда 28 киіз үй құрылады. Бұл мақсатқа бюджеттен 2 миллион 600 мың теңгеден аса қаражат қарастырылған. Бірінші кезекте әлеуметтік жағынан әлсіз топқа жататын отбасылардың балалары қабылданады. Киіз үй лагерь бағдарламасында оқушылар қазақ тілін үйреніп, салт-дәстүрлер және әдет-ғұрыптармен танысады. Күнделікті ұлттық ойындар, түрлі конкурстар, викториналар өткізіледі.

Фарида Бықай

«Егемен Қазақстан»

Павлодар