Хабарламаға сәйкес, 1-10 сынып оқушыларының барлығы биылғы жазда ұйымдастырылған демалыспен қамтылады. Бұл облыстың бірқатар аудандары мен қалаларында жазғы уақытта оқушыларды сауықтыруды, жұмыспен қамтуды және олардың демалысын ұйымдастыруға бөлінетін қаржыландырудың ұлғаюының арқасында мүмкін болып отыр.
Мысалы, Үржар және Күршім аудандарында, сондай-ақ облыс орталығында жазғы тілдік лагерьлер жұмыс істейтін болады. 14,5 мыңға жуық оқушы ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне барады. Жалпы, биыл жазғы демалыспен қамтылған балалардың саны 8 пайызға өспек.
Бұдан бөлек, мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту, балалар туризмін, соның ішінде экологиялық туризмді танымал ету бойынша мақсатты жұмыс жүргізілуде.