Аймақтар • 26 Маусым, 2017

Ақмола облысы әкімі аппаратының басшысы тағайындалды

172 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақмола облысы әкімі аппаратының басшысы тағайындалды. Бұл туралы аймақ басшысы Мәлік Мырзалиннің төрағалығымен өткен аппарат кеңесінде айтылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат».

Ақмола облысы әкімі аппаратының басшысы тағайындалды

Ақмола облысы әкімінің өкімімен ҚР Президенті әкімшілігінің келісімі негізінде Қанат Бейбітұлы Шөкенев Ақмола облысы әкімі аппаратының басшысы болып тағайындалды.

Сонымен қатар, аппарат кеңесінде ҚР Паламенті Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұсынысы бойынша ТМД Парламентаралық кеңесінің шешімімен «Ақмола облыстық денешынықтыру және спорт басқармасының басшысы Надежда Александровна Патюткинаға «Денешынықтыру, спорт және турзимді дамытуға қосқан үлесі үшін» құрмет белгісі тапсырылды.