74 килода сынға түскен отандасымыз Қайрат Сарымсақов біріншіліктің жартылай финалында өзбекстандық спортшы Никита Рафаловичтан қосымша уақытта ұтылып, әлем біріншілігінің қола жүлдегері атанды.
Қайрат Сарымсақов алғашқы бәсекесінде нигериялық Сегун Олушоламен күш сынасу керек болған, бірақ ұйымдастырушылар нигериялық спортшыны дисфикликацияға жіберген. Сөйтіп, Қайрат бірінші айналымнан еркін өтті. Екінші айналымда Сарымсақов португалиялық Хулио Феррейраны 6:5 ұпайымен ұтты. Үшінші кездесуде ол литвалық спортшы Оримас Клемасты 15:9 нәтижесімен айқын жеңді. Ал, ширек финалда тайпейлік Цунг Йэ Янді ұтып, жартылай финалға жолдама алған болатын. Жартылай финалдық сайыста Қайрат Сарымсақов өзбекстандық Никита Рафаловичқа жол беріп қойды.
Айта кетейік, жер шарының мықтыларын анықтайтын біріншілік 30 маусымға дейін жалғасады.