Қ.Тоқаев Мажарстанның «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне қатысқаны үшін ризашылығын жеткізді және «жасыл технологиялар» саласында елдің тәжірибесі көрменің табысты өтуіне маңызды үлес қосатынына сенім білдірді. Сенат Төрағасы екі мемлекеттің заң шығарушы органдары арасындағы ынтымақтастықтың жоғары деңгейде екенін атап өтті және алдағы уақытта да парламентаралық байланыстарды кеңейте түсуге үндеді. Кездесу барысында сауда-экономикалық және гуманитарлық байланыстарды дамыту жайы, сондай-ақ, халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер талқыланды.
Сол күні Қасым-Жомарт Тоқаев Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесінің Бас хатшысы Рамиль Гасановты қабылдады. Төраға ұлттық спорт пен жастар аумағындағы ынтымақтастыққа арналған Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесінің алтыншы саммитіне дайындық туралы хабардар болды. Жуырда өтетін Түркі тілдес мемлекеттер басшыларының кездесуі бауырлас елдер арасындағы ынтымақтастықты тереңдетуге серпін беретініне сенім білдірілді.
Қ.Тоқаев Р.Гасановқа Түркі кеңесінің Бас хатшысы ретінде белсенді жұмыс атқарғаны үшін алғысын білдірді. Кеңестің келесі Бас хатшысы етіп қазақстандық өкілді сайлау жоспарланған.