04 Қазан, 2011

Әлеуметтік нысандар қысқа дайын

347 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Алматыда қала әкімі Ахметжан Есімовтің төрағалық етуімен 2011-2012 жылдары жылу беру маусымына қала шаруашы­лық­та­рының дайындығына арналған кеңес өтті. Энергокешен кәсіп­орын­дары биылғы жылдың жөн­деу жұмыстарын уақытылы бастап, белгіленген кесте бойынша жүргізіп келеді. «АлЭС», «Теп­ло­коммунэнерго» сияқты энергия көздеріндегі жоспарлы жөндеу жұмыстары да бекітілген кестеге сай жүзеге асуда. Жылу жүйе­л­е­рін ретке келтіру жұмыстары жылу маусымы аяқталған кезде-ақ қолға алынған болатын. Ал, су құбырларын жөндеу де кестеге сай атқарылуда. Қазіргі кезде денсаулық сақтау нысандарының жылу беру маусымына дайын­ды­ғы – 99, білім жүйелерінің дай­ындығы 95 пайызды құрайды. Сондай-ақ, ЖЭО-1-ді табиғи газға көшіру аяқталып қалды. Биыл жеке секторды газбен то­лық қам­та­масыз етуде ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Алатау, Медеу және Бостандық аудан­да­рына газ желілері тартылуда. Ке­ңесте Ахметжан Есімов бірқатар тапсырмалар берді. Аудан әкім­діктері ПИК-термен біріге оты­рып, әр тұрғын үйдің қысқы мау­сымға дайынды­ғын анықтаулары тиіс. Бұдан өзге, олар комму­нал­дық қызмет қарыз­дарын жоюды қамтамасыз етуге де міндетті. Білім және денсаулық сақтау бас­қармалары аудан әкім­де­рімен бірге емдеу және білім беру орын­дарын қысқы маусымға дай­ындап, автономды жылу көзде­рін отын резервтерімен толық қам­та­масыз етулері қажет. «ҚазТран­с­Газ» қаланы қажетті мөлшерде та­биғи газбен үздіксіз қамта­ма­сыз ететін болсын», деді қала әкімі. Бақыт БАЛҒАРИНА, Алматы.