Қазақстан • 27 Маусым, 2017

Ер еңбегі еленгенінің көрінісі

158 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елордамызда күні кеше Астана эко­номикалық форумы, Дүние жүзі қазақтарының V құрылтайы, Еура­зиялық медиа-форум өтті, ЭКСПО-­2017 халық­аралық көрмесі, бас­­қа да халық­ара­лық шаралар ұйым­дас­тырылған Аста­на шын мәнінде ха­лық­аралық және жа­һан­дық мәселелер тал­қыланатын ор­та­лыққа айналды.

Ер еңбегі еленгенінің көрінісі

Жақсы хабарды барша қазақстан­дық­тың қуана қа­был­дайтыны анық. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назар­баевтың есі­мі Астанадағы халықаралық әуежайға берілді. Елбасы – Тұңғыш Президентіміздің елімізді құрудағы еңбегі осылайша атап өтілді.

Елбасының мемлекет құрудағы ерен еңбегін, ядролық қа­руды таратпау және бүкіл әлемде бейбітшілік саясатын ілге­рі­лету жөніндегі саясатын халықаралық қоғамдастық жақсы бі­леді. Сондықтан елорданың басты әуе қақпасының елімізді, мемлекетімізді құрған Тұңғыш Президенттің атымен аталуы Елбасының зор еңбегін, қажыр-қайратын, күш-жігерін елеп-ескерудің бір көрінісі деп білемін.

Халқымыз қашанда ел бастаған ел басшысының, қол бастаған қолбасшының есімін қастерлейді, құрмет тұтады. Сондықтан, халықаралық әуежайға Елбасы есімінің берілуімен қазақстандықтарды құттықтаймын!

Мұхтар АЛТЫНБАЕВ,
Парламент Сенатының депутаты