Қазақстан • 27 Маусым, 2017

Қандай қошеметке де лайық

162 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жиырма жылдық белесіне көтеріліп келе жатқан Астана қаласының әуе­жайын «Нұрсұлтан Назарбаев халық­ара­лық әуежайы» деп атау өте орынды ше­шім.

Қандай қошеметке де лайық

Шындығы сол, Нұрсұлтан Назар­ба­ев­тың есімі «жарқын болашақтың символы» болып табылады. Біз, Қазақстан халқы Елбасымыздың көшбасшылығымен Кеңес Одағының үйіндісінің орнында жаңа, заманауи мемлекет тұрғыздық. Оның ажарлы астанасын салдық. Біз сонымен бір уақытта, бол­­мыс-менталитетімізді, психологиямызды да түбегейлі өзге­р­-
­тіп, өз елімізде өзімізді қожайындарша ұстауға, бар шаруаны иесіндей ұқсатуға үйрендік.

Елбасы бізді Мәңгілік Ел болу, «дамыған елдер қатарына қо­сылу» секілді ұлы мақсат-мұраттар жолында жұмылдырды. Де­мек, Қазақстанның Тұңғыш Президентінің есімі мен ең­бегі қандай қошеметке де лайық. Айтқандай, әуежайға Ел­басы атының берілуінің бір нышандық мәні бар: бұл «әуе қақ­пасынан» ұшақтар биіктерге самғай көтеріледі. Тәу­елсіздіктің ширек ғасырдан астам уақыты ішінде Елбасы Қазақстанды әрдайым жоғары деңгейге көтеріп келеді. Ал біз­ден – Қазақстан халқынан заңғар биіктен қорықпай, жа­ңа жағдайларға бой үйрету талап етіледі. Себебі, асқар шың­дар­дан жаңа көкжиектер ашылады.

Бақытбек СМАҒҰЛ,
Парламент Мәжілісінің депутаты, «Қазақстан ардагерлері» ауымдастығының төрағасы