Қазақстан • 27 Маусым, 2017

Имидждік тұрғыдан нығайта түседі

706 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан қоғамының өмірінде айтарлықтай оқиға болды. Астана халықаралық әуежайы Нұрсұлтан Назар­баевтың атын иеленді.

Имидждік тұрғыдан нығайта түседі

Маусым айы Қазақ елі үшін түрлі оқиғаларға толы болды. Бірінші кезекте Қазақстан мен Орталық Азияда тұңғыш рет ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінің өткізілуін атап көр­сеткен жөн. Көрменің ашылу салтанаты аса жоғары дең­гей­де ұйымдастырылғанын көрдік. Қазіргі кезде түрлі ел­де­р­дің павильондары ашылып, болашақтың энергиясы пла­нетамыздың келешегін айқындайтын негіздегі жа­ңа­лық­та­рымен ерекшеленеді. ЭКСПО қарсаңында халық­ара­лық әуежай жаңғыртудан өтті.

Астана әуежайы елорданың әуе қақпасы ғана емес, ол – Ұлы Жібек жолына енгізілген ортақ жоба, көлік-логистикалық хаб.  Астана әуежайының Елбасы атымен аталуы Президентке деген құрмет және Астана мен Қазақстан атауларын имидждік тұрғыдан нығайта түсудің жаңа ресурстары да болып табылады. Ал әлемдік тәжірибеде мұндай мысалдар аз емес. Қорыта айтқанда, Назарбаев – ұлттық мақтанышымыз. Астана халықаралық әуежайының атауы берілуі жоғарыдағы сөздерімізді тек қуаттай түседі.  

Зарема ШӘУКЕНОВА, 
Президент жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының (ҚСЗИ) директоры, Ұлттық ғылым академиясының мүше-корреспонденті