04 Қазан, 2011

Заң жобасы қаралды

259 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Парламент Сенаты Қаржы және бюджет комитетінде «2011-2013 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы қарал­ды, деп хабарлады Парламент Сенатының баспасөз қызметі. Заң жобасы Мемлекет бас­шы­сының Қазақстан халқына би­ылғы Жолдауында белгілеп берген міндеттерді іске асыру мақ­са­тында және әлеуметтік-эконо­ми­калық дамудағы макроэкономи­ка­лық көрсеткіштердің  2011 жыл­ға арналған нақтыланған бол­жамы негізінде әзірленді. 2011 жылға арналған рес­пуб­ликалық бюджет түсімдері 4 439,3 миллиард теңге көлемінде немесе түзетілген бюджетпен са­лыстырғанда 183,3 миллиард тең­геге өсуімен айқындалды. 2011 жылға арналған респуб­ли­калық бюджет шығыстары түзетілген бюджетпен салыс­тыр­ғанда 217,9 миллиард тең­геге ұл­ғайтылып, 5 170,22 миллиард теңге сомасында көзделіп отыр. Ағымдағы жылғы ақпанда нақтыланған бюджетпен салыс­тыр­ғанда бюджет тапшылы­ғы­ның 34,6 миллиард теңгеге ұл­ғаюы бюджет қаражатының қо­сымша көзі болып табылады. Бюд­жет тапшылығының жалпы кө­лемі 730,4 миллиард теңге со­масында айқындалып, ІЖӨ-нің 2,8 пайызын құрады. Отырыста Қаржы министрі Б.Жәмішев, Экономикалық даму және сауда министрі Қ.Келімбетов сөз сөйлеп, депутаттардың сауал­дарына жауап берді.