04 Қазан, 2011

Сенат бюросының отырысы өтті

281 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Кеше Парламент Сенатының Төрағасы Қайрат Мәмидің төрағалық етуімен болған Парламент Сенаты бюросының отырысында Мәжіліс мақұлдаған заң жобалары комитеттер мен Сенат аппаратына берілді, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі. Отырыста Қаржы және бюд­жет комитеті «Қазақстан Рес­пуб­ликасының кейбір заңна­ма­лық актілеріне банк қызметін және қаржы ұйымдарын тәуекел­дерді азайту тұрғысынан реттеу мә­селелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу ту­ралы» заң жобасы бойынша негізгі комитет болып белгіленді. Ал Заңнама және құқықтық мәселелер және Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіп­сіз­дік комитеттері тиісінше «Қа­зақстан Республикасы мен Біріккен Араб Әмірліктері ара­сын­дағы Қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек көрсету туралы келісімді ратификациялау туралы» және «Қазақстан Рес­пуб­ликасының Үкіметі мен Қыр­ғыз Республикасының Үкіметі арасындағы өтеусіз әскери-тех­никалық көмек көрсету туралы келісімді ратификациялау тура­лы» заң жобалары бойынша негізгі комитеттер болып белгіленді. Бюро отырысында сондай-ақ биылғы 6 қазанда болатын Се­нат­тың кезекті отырысының күн тәр­тібі туралы ұсыныстар да қарал­ды. Алдағы жалпы отырыста «2011-2013 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңға өзгерістер мен толықты­ру­лар енгізу туралы» заң жобасын талқылау жоспарланды. Ал «Неке (ерлі-зайыптылық) және от­ба­сы туралы» кодекстің жобасы, сондай-ақ «Қазақстан Республи­ка­сының кейбір заңнамалық актілеріне ұйымдасқан қылмысқа қарсы іс-қимыл мәселелері бой­ын­ша өзгерістер мен толық­ты­рулар енгізу туралы» және «Қа­зақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экология­лық мәселелер бойынша өзгеріс­тер мен толықтырулар енгізу ту­ралы» заң жобалары екінші оқы­лымда қаралатын болды.