Қала шетінде орналасқан кәсіпорынға келгенде айналаның тазалығы, аула толы көкөністер көзге түседі. Қызанақтар «күз келді, біз де пістік» дегендей қып-қызыл болып тұр. Серіктестік директорының орынбасары Александр Дзюбаның айтуынша, бұл кәсіпорынның өздері еккен бау-бақшасы екен. Үш мезгіл тамақтанатын жұмысшылар үшін жағдай жасалған, азық-түлік қысы-жазы өздеріне жетеді. Ал, жалпы осы сусабындар шығаратын шағын кәсіпорынды құрып, жинақтау үшін бұдан үш жыл бұрын 90 миллион теңгедей қаражат жұмсалған. Жобаның жүзеге асуына облыс басшысы Бақытжан Сағынтаев тарапынан қолдау көрсетіліпті. Кәсіпорынның сыртқы ауласы қандай таза болса, цех іші де сондай таза, жарық. Бұрынғыдай шаң-тозаң, шыңылдаған, құлақ тұндырар шулы дыбыстар естілмейді. Александр бізге сусабындар құйылатын кәдімгі құтылардың, олардың қақпақша тығындарының қалай жасалатынына дейін айтып, көрсетіп шықты. Таңқаларлық жағдай. Жаңа заман техникасы, барлығы да автоматты түрде, арнайы тетіктер арқылы басқарылады. Бір сәтте-ақ сары түсті құтылар, қызыл түсті қақпақтар үйіліп қалады. Кәсіпкерлік жолын таңдаған бұл кәсіпорын алдағы уақытты иіс сабын, кір сабын, сусабын, бұйымдарды ағартқыш секілді тұрмысқа қажетті заттар шығармақшы. Шикізат Еуропадан жеткізіледі. Күнделікті өмірге қажетті мұндай заттардың бәрі дерлік қазір шет жақтардан әкелінетіні де белгілі. Қуаты тәулігіне 12 тонна жуғыш заттар шығара алатын павлодарлық «КазБытХим» серіктестігі алдағы уақытта шетелдік тауарларды ысырып тастап, алға түсіп кетер деп те айта алмаймыз, дегенмен, сусабындар рыногына еніп, бір жол салған соң, бастаған істері оңынан туар деп ойлаймыз. Өйткені, өндіріс орнының жабдықталуы шетелдіктерден кем емес көрінеді, барлығы да автоматты жүйеге қосылған. Кәсіпорын сусабын құятын пластик құтыларды да өздері шығарады. Жуғыш заттардың 40-тан астам түрлері облыстағы ауыл-аймақ, қала дүкендеріне жіберіледі. Александр Дюзбаның айтуынша, бұл күндері тек облыс аумағында емес, басқа да облыстарға, атап айтқанда, Астана қаласы, Қостанай, Қарағанды, Көкшетау облыстары жаңа өнімдерге тапсырыс беріп қойыпты. Бұлай болатыны отандық тауардың құны шетелдік тауар құнынан әлдеқайда арзан. Облыс орталығында жаңадан ашылған кәсіпорында 50-дей адам жұмыс жасайды. Егер тапсырыс әрі қарай молайып жатса, жұмыскерлер саны тағы да жиырма адамға көбеюі мүмкін. Енді кәсіпорын өздері шығаратын өнім түрлерінің санын 450-ге дейін жеткізбекші. Жаңа инновациялық технологиялардың жетістігі арқасында осындай жоспарларға қол жеткізе алады. Ал, серіктестік директоры Армен Ефремянның алдағы жұмыс жоспарлары да қауырт екен. Енді облыс орталығынан өз өнімдері үшін сауда орнын да ашпақшы болып отыр. Алдағы жылдың көктемінен бастап, тіс сықпасы мен әртүрлі крем түрлерін шығара бастайды. Сұйық сабынның, сусабын, ванна мен керамикалық материалдарды тазартуға арналған сұйықтар, ыдыс шайғыштар, ағартқыштар сапасына көңіл бөлінген. Жаңа өнімдерге жаңаша «Астана», «Бәйтерек», «Салтанат», «Сарыарқа», «Карина», «Қайсар» деген сияқты қазақ тіліндегі атаулар берілген.
Фарида БЫҚАЙ,
Павлодар.
Суреттерді түсірген А.Пархоменко.

Еліміздің өнеркәсіптік кәсіпорындары жаңа Конституция жобасын қолдады
Ата заң • Бүгін, 21:40
Медицина факультетінің студенттері жаңа Конституция жобасын талқылады
Ата заң • Бүгін, 21:12
Ассамблея жастары: Жаңа Конституция – болашақ ұрпақтың сенімді және тұрақты дамуының негізі
Ата заң • Бүгін, 21:03
Коалиция өкілдері Жамбыл облысының жұртшылығымен кездесті
Ата заң • Бүгін, 20:50
Үкіметте қаржы секторына салық салу мәселелері қаралды
Салық • Бүгін, 20:29
Сарапшылар жаңа Конституциядағы отбасы мен неке нормаларын талқылады
Ата заң • Бүгін, 19:37
«Ауыл» партиясы Абай облыстық филиалы алдағы референдумды қолдайтынын білдірді
Референдум • Бүгін, 19:16
Ертең еліміздің басым бөлігінде жаңбыр мен қар жауады
Ауа райы • Бүгін, 18:43
Мемлекет басшысы Литва Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Президент • Бүгін, 18:15
Халықаралық қауымдастық Конституциялық реформаның ашықтығын бағалады
Референдум • Бүгін, 17:56
Теңге неліктен нарықтағы бағаға әсер ете алмай отыр?
Қаржы • Бүгін, 17:50
Жапонияның Ұлттық күніне орай Астанада жапон салты орындалды
Мереке • Бүгін, 17:34
Президент UAE SWAT Challenge-2026 жарысының жеңімпаздарын марапаттады
Президент • Бүгін, 17:31