04 Қазан, 2011

Елбасы қабылдады

237 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Астана қала­сы­ның әкімі Иманғали Тасмағамбетовті қабылдады, деп хабар­ла­ды Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі. И.Тасмағамбетов Президентті елорданың әлеуметтік-эконо­ми­ка­лық дамуы және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жыл­ды­ғын мерекелеуге дайындық барысы туралы хабардар етті. *  *  * Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің төрағасы Мәжит Есенбаевты қабылдады, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі. М.Есенбаев Мемлекет басшысын агенттіктің кәсіпкерлік пен инвестициялық белсенділікті қамтамасыз ету, әкімшілік кедергілерді төмендету, шағын және орта бизнесті дамыту үшін монополияға қарсы заңнаманы жетілдіру жөніндегі қызметі туралы хабардар етті. Парламентке мемлекеттің экономикаға араласуын барынша қысқартатын, ұлттық заңнаманың үйлесімділігін қамтамасыз ететін және монополияға қарсы реттеудің тиімділігін арттыратын мемлекеттік монополия мәселелері бойынша заңнамалық актілерге өзгерістер енгізу туралы заң жобасы енгізілді. *  *  * Кеше Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Парламент Мәжілісінің депутаты Кенжеғали Сағадиевті қабылдады, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі. К.Сағадиев Мемлекет басшысына заңнамалық қызмет туралы хабарлады.