Шара – мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық ұстанымдары негізінде ұлттық кодты нығайту мен ұлттық сананы өркендету аясында өтті. Марапатты республикалық қоғамдық-саяси «Президент және Халық» газетінің Бас редакторы, профессор, Қоғамдық атақтар мен марапаттар жөніндегі республикалық кеңестің төрағасы Марат Тоқашбаев тапсырды. «Қазақ журналистикасының қайраткері» құрметті атағына қазақ журналистикасының қазіргі ең үлкен ақсақалы – 92 жастағы қарт журналист Сапабек Әсіпұлы мен мемлекет және қоғам қайраткері Шерхан Мұртаза бастаған алматылық аға буын журналистер ие болды.
Арасында жергілікті БАҚ басшылары бар, барлығы 45 адам кеуделеріне «Қазақ журналистикасының қайраткері» рәміздік медалін тақты. Өнер шеберлері ән-жырдан шашу шашып, ардагер журналистерге арнайы жайылған Айт дастарқаны басында дүниеден өткен барша қазақ журналистеріне бағышталып, Құран оқылды.
Талғат СҮЙІНБАЙ,
«Егемен Қазақстан»
АЛМАТЫ
Суретті түсірген автор