2012 жылдан бастап ішкі істер органдарында қызмет атқарып келе жатқан жомарт жүрек полицейдің биылғы еңбек демалысы ораза айына сәйкес келіпті. Әкесі Мағаздың өсиетін зердесіне тоқып өскен Саламат, нағыз қазақы қалыппен тәрбие көрген азамат екенін танытты. Сауапты іске дән риза болған балалар түрлі аттракциондарда ойнап, бір сәтке болсын дүние-думанды алаңсыз кешірді.
Қазақта «Жетім көрсең жебей жүр» деген нақыл бар. Саламаттың бүгінгі жасаған сауабы – ертеңгі күннің жауабы екенін ұғынған жөн. Біз ертең ұтсақ, қаражаты бар ел емес, Саламаты бар елі ретінде өркениеттің алдына түсеміз.
Мирас АСАН,
«Егемен Қазақстан»
Қарағанды облысы