Қазақстан • 28 Маусым, 2017

Елді үрейлендірген ерекше жауын

132 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Елді үрейлендірген ерекше жауын

Өткен сенбі күні жер-дүниені сел қылып жіберген нөсер жаңбыр облыс тұрғындары үшін бірқатар қолайсыздық тудырды. Тіпті, көшелерде кетіп бара жатқан көліктер жүрістерін баяулатуға болмаса уақытша тоқтауға тура келді. Кейбіреулер аспаннан періште түріндегі бұлттар көргенін, өзгеше құйынның «ойнақ салғанын» айтып, сан-саққа жүгірткендер де болды. 
Біз «Қазгидромет» мекемесі СҚОФ-ның бөлім басшысы Гүлзат Ғазизовамен хабарласып, табиғаттың тылсым сырлары жайлы айтып беруін өтінген едік.
– Солтүстік-Батыс жақтан соққан суық ауа салдарынан қатты жел тұрып, оның жылдамдығы секундына 19-20 метрге дейін жетті. Аспанда найзағай жарқылдап, жұртшылықтың үрейленгені рас. Жарты күннің ішінде 12-18 мм жаңбыр жауды. Бұл – он күннің нормасына тең. 
Ал аспанда жөңкіле көшкен қорғасын, қара бұлттардан кей адамдардың періште кескіндес таңғажайып суреттерді «көруін» табиғи құбылысқа жатқызар едік. Жаңбыр жауғаннан кейін күн шайдай ашылып, аспан неше түрлі реңкке боянып, әр алуан кейіп енетіні заңды. Бала кезімізде шелекпен су әке­тіп бара жатқан келіншекті немесе салт атты кі­сіні талай мәрте көретінбіз. Бұл да соның бір мысалы.
Қобалжитындай, үрейленетіндей ештеңе жоқ. 

Өмір ЕСҚАЛИ,
«Егемен Қазақстан»

Солтүстік Қазақстан облысы

Соңғы жаңалықтар

Тоғыз жыл күткен жеңіс

Спорт • Бүгін, 11:30

Көңілден шыққан көрікті жер

Табиғат • Бүгін, 11:20

Дәрігерлер шыңы

Алматы • Бүгін, 11:10

Тау туризмі дамып келеді

Туризм • Бүгін, 11:05

Дулати дүниетанымы

Руханият • Бүгін, 10:55