
Машинаға жәшіктерге салынған 64 тотықұс пен 60 тасбақа тиелген. «Қайрақ» өткізу бекетінің бөлім бастығы Бахрам Дараевтың айтуынша, жолаушылар тоты құс пен тасбақаны Ресейге сатуға апара жатқан болуы керек. Жүргізуші Қазақстан азаматы, онымен бірге екі жолаушы да ұсталды. Ал машинадағы жануарлар тиісті орындарға жіберілді.
Нәзира Жәрімбетова
«Егемен Қазақстан»
Қостанай