05 Қазан, 2011

БІРЛЕСКЕН БҰЙРЫҚ

382 рет
көрсетілді
8 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасы                 Қазақстан Республикасы Ішкі істер                                             Экономикалық даму министрлігінің бұйрығы                 және сауда министрлігінің бұйрығы 2011 жылғы 11 тамыз № 409,         2011 жылғы 12 тамыз №242, Астана қаласы                                     Астана қаласы Есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымы саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлік субъектілерін тексеру парағының нысаның бекіту туралы «Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы» 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-1-бабы 1-тармағының 7-1) тармақшасына және «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 4-тармағына сәйкес бұйырамыз: 1. Қоса беріліп отырған есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымы саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлік субъектілерінің тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдері бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Есірткі бизнесіне қарсы күрес және есірткі айналымын бақылау комитеті (А.Н. Выборов): 1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді; 2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін осы бұйрықты ресми жариялауды; 3) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ресми интернет-ресурсында осы бұйрықты жариялауды қамтамасыз етсін. 3. Астана, Алматы қалаларының, облыстардың және көліктегі ішкі істер департаменттерінің бастықтары осы бұйрықты зерделеуді және оның талаптарын орындауды ұйымдастырсын. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары М.Ғ. Демеу­овке жүктелсін. 5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының    Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі    Экономикалық даму және сауда __________ Қ.ҚАСЫМОВ.    министрінің міндетін атқарушы 2011 жылғы 11 тамыз    __________ Д.ШӘЖЕНОВА. 2011 жылғы 11 тамыз Қазақстан Республикасы Ішкі істер  министрінің  2011 жылғы 11 тамыз № 409 және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму  және сауда министрі міндетін  атқарушының 2011 жылғы 12 тамыз № 242  бірлескен бұйрығымен  бекітілген нысан Есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымы саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлік субъектілерін тексеру парағы _________________________________________________________________ (ішкі істер органының толық атауы, заңды мекен-жайы, ____________________________________________________________________________________ телефоны, электрондық пошта мекен-жайы) Тексеру парағын ұсыну және толтыру міндетті болып табылады. Бақылаушы органның лауа­зымды адамы кәсіпкерлік субъектісіне Тексеру парағын ұсынудан бас тартқан жағдайда, шаруашылық жүргізуші субъектінің басшысы оған тексеру жүргізуге рұқсат бермеуге құқылы. Жүргізілетін тексеру түрі (көрсету қажет): □ жоспарлы □ кешенді тексеру □ тақырыптық тексеру Тексеру жүргізу тексеруді тағайындау туралы Актінің негізінде жүзеге асырылады: Нөмірі _____, күні _______. Объекті __________________________________________________________________________ (заңды тұлға/жеке кәсіпкер) _________________________________________________________________________________ (мекен-жайы, тел.) СТН ____________________________________________________________________________ БИН ____________________________________________________________________________ Тексеруге қатысатын адамдар: Жауапты адам (басшы немесе оның сенім білдірген қызметкері)__________________________ _________________________________________________________________________________ (лауазымы Т.А.Ә.) ІІО қызметкері ___________________________________________________________________ (лауазымы, Т.А.Ә.) Есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорларды сақтауға арналған объектіге (үй-жайларға) қойылатын талаптар № р/с    Талаптар    Иә/Жоқ    Қ/Е*** 1**    Есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымы саласына тиісті рұқсаты бар субъектінің объектіні пайдалануға аумақтық ішкі істер органының рұқсатының немесе оны жалға алуға келісім-шартының бар болуы 2*    Үй-жай (қойма) қосалқы және қызметтік үй-жайлардан оқшауланған 3*    Үй-жайдың кірпіштен немесе тастан қаланған қалыңдығы кемінде 500 мм / қалыңдығы кемінде 200 мм бетондық қабырға блоктарынан / қалыңдығы 90 мм екі қабат бетондық тастардан / қалыңдығы 180 мм кем емес темірбетон панельдерінен / күрделі қабырғасы бар. 4*    Ішкі қабырғалар сыртқы күрделі қабырғаларға ұқсас орындалған немесе әрқайсысының қалыңдығы 80 мм және олардың арасына ұяшықтары 150 х 150 мм-ден кем емес диаметрі 10 мм-ден кем емес арматуралардан жасалған темір тор салынған жұптастырылған гипстік бетондық панельдерден / темір тормен бекітілген қалыңдығы 120 мм-ден кем емес кірпішпен қаланған. 5*    Есірткі құралдары мен психотроптық заттар сақталатын қойманың кіретін есіктері ақаусыз кірігеді, қуыс емес, қалыңдығы 40 мм-ден кем емес, бір-бірінен 300 мм қашықтықта ойып салынған кем дегенде өзі жабылып қалмайтын ойыққа орналастырылатын екі құлпы бар. 6*    Аулаға, тұйық жаққа шығатын есіктер, қосалқы есіктер екі жағынан қалыңдығы 0,6 мм-ден кем емес болат парақтармен есіктің ішкі бетіне қарай бүктеліп немесе есіктің бүйір қабырғасында бір біріне бастырыла қапсырылған. Парақтар периметрі және диагоналдары бойынша диаметрі 3 мм ұзындығы 40 мм шегелермен арасы 50 мм-ден артық емес қашықтықта бекітіледі. 7*    Үй-жайдың төбесі мықты жабылған және едені де диаметрі 10 мм-ден кем емес арматуралардан жасалған және ұйшықтары 150 х 150 мм металл торлармен бекітіліп, сытынан сылақ жүргізілген. 8*    Терезе ойығы ішкі жақтан немесе кәсек арасы темір торлармен жабдықталған. Болат шыбықтардың диаметрі 16 мм-ден кем емес және олардың әрбір қиылысы дәнекерленген, ұяшықтардың ауданы 150х150 мм-ден артық емес. Тор шыбықтардың ұштары қабырғаға 80 мм кем емес тереңдікке қағылған және бетон құйылған. 9*    Есік ойықтарына орнатылған торлар диаметрі 15 мм-ден кем емес болат шыбықтан жасалған. Шыбықтар 150х150 мм-ден аспайтын ұяшықтарды құра отырып, әрбір қиылыстары дәнекерленген. 10*    Желдеткіш терезелері, люктер бар кезде оларға 100х100 мм-ден аспайтын мөлшердегі ұяшық­тары бар болат торлар орнатылған, олар осы жүйе арқылы өту мүмкіндігін болдырмайды. 11*    Инженерлік желіні өткізуге арналған қабырғадағы тесіктің диаметрі 200 мм-ден аспайды. 12*    Үй-жай күзет-өрт сигнализациясының екі және одан көп шебімен жабдықталған. 13**    Күзет және/немесе дабыл сигнализацияның бар болуы 14* 14.1 14.2 14.3 14.4 14.5 14.6 14.7 Күзет сигнализациясы: - электр қуатының қалқаншасына дейін жасырын сыммен орындалған - терезелерде сигнализация құрылғылары бар - есіктерде сигнализация құрылғылары бар - люктерде сигнализация құрылғылары бар - қабырғаларда сигнализация құрылғылары бар - төбелерде сигнализация құрылғылары бар - едендерде сигнализация құрылғылары бар 15*    Материалдық-жауапты адамдарда ұдайы болатын кілт кешені бар күзетілетін үй-жайларда металл шкафтардың (сейфтердің) бар болуы 16**    Есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың қозғалысын есепке алатын кітабы бар, онда мыналар болуы тиіс: 16.1    - нөмірленген, баумен тігілген 16.2    - өкілетті органның – Қазақстан Республикасы ІІМ ЕБҚКК-нің мөрімен бекітілген 17*    Есірткі құралдарына және психотроптық заттарға рұқсаты бар адамдарда мыналар болуы тиіс: 17.1    - тиісті тексеруден өткені туралы ішкі істер органдарының қорытындысы. 17.2    - наркологиялық және жүйке аурулары диспансерлерінен нашақорлық, уытқұмарлық, созылмалы алкоголизм ауруларының жоқ екені туралы анықтамасы Ескерту: *** - қажет емес / көзделмеген ** - елеулі заң бұзушылықтар * - елеусіз заң бұзушылықтар Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылғы 25 тамызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №7141 болып енгізілді.